• Главная
  • Атырау облысы Полиция департаментінде жаңа тағайындау
16:00, 4 декабря 2022 г.

Атырау облысы Полиция департаментінде жаңа тағайындау

фото: Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

фото: Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің  бастығы лауазымына  полиция подполковнигі Ришат Саматұлы Нәсіпқалиев тағайындалды. Бөлімнің жаңа басшысын Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Әділхан Теміржанұлы Байдосов бөлімнің жеке құрамына таныстырды, Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Айта кетейік, полиция подполковнигі Ришат Нәсіпқалиев Атырау қаласының тумасы. ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы Академиясының түлегі. Еңбек жолын 2009 жылы Атырау қаласы Полиция басқармасының жедел уәкілі болып бастап, Қызылқоға АПБ бастығының орынбасары, криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы  қызметтерін атқарған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #полиция
Объявления
live comments feed...