
14:00, 4 декабря 2022 г.
Атыраулық полицейлер «Әйелдердің ел дамуындағы рөлі» атты форумға қатысты

фото: Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
1 желтоқсан күні «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Әйелдердің ел дамуындағы рөлі» атты форум өтті, Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Форумға Атырау облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Райса Зинелғабиденқызы Айтжанова қатысты.

фото: Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
«Әйелдің ел дамуындағы рөлі» тақырыбында бас қосқан нәзікжандылар қазіргі замандағы әйел адамның рөлін, жүйелік мәселелерді шешудің жалпы тәсілдерін әзірлеу бойынша пікір алмасып, нақты ұсыныстарды талқылады.
Сондай-ақ, форумның негізі қоғамдағы әлеуметтік-демографиялық прогресті қамтамасыз етудегі әйелдердің рөлін талқылау, денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамытуды арттыруға арналды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
10:01
Вчера
Объявления
11:44, 30 июня
12
11:18, 8 июля
53
11:18, 8 июля
15
18:18, 1 июля
live comments feed...