
12:00, 4 декабря 2022 г.
Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында байқау-көрме өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі
Халықаралық мүгедектер күніне орай жоғары қажеттілікті қажет ететін балалар мен ересектер арасында «Ізгі ниетпен…» атты облыстық байқау-көрмесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі
Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде ұйымдастырлған салтанатты іс-шараға жоғары қажеттілікті қажет ететін балалар мен ересектер, ата-аналар мен арнайы орталықтың тәрбиешілері қатысты. Мәдени іс-шара барысында аталған музейдің басшысы Төлеген Орынбасарұлы құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздарға жүлделерін табыстады.

фото: Аймақтық байланыс қызметі
-Құрметті ерекше талантты жандар, бүгін сіздердің өнерлеріңізге тәнтті болып тұрмын. Бірінен-бірі өтетін туындылар. Бірақ байқау болған соң, шын жүйріктерді анықтауға тура келді. Байқау мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың ерік-жігерін нығайту, талантын ұштап, дарынды өнер иелерін халыққа таныту. Сондай-ақ мүгедек жандарға өздері өмір сүріп жатқан қоғамның белгілі орны бар толыққанды мүшесі екенін сезінуге мүмкіндік жасау. Олардың арасынан белсенді адамдарды анықтап, өзгелерге үлгі ету, өмірге деген көзқарастарын өзгертіп, әлеуметтік бейімдеу,- деді Т.Орынбасарұлы.

фото: Аймақтық байланыс қызметі
Байқауға облыстың түкпір-түкпірінен оқушылардан 118, ересектерден 24, барлығы 212 жұмыс қабылданған.
Нәтижесінде, ересектер арасында 1-орынды Гүлсім Темірғалиева, 2-орынды Бибігүл Қойшыбаева мен Анаргуль Шатенова, 3-орынды Анар Құлжанова, Амангелді Рашкалиева, Қайсар Ибатов иеленді.
Ал балалар арасында 1-орынды Дильназ Нұржан, 2-орынды Еркебұлан Кенжеғалиев пен Гүлназ Еламан, 3-орынды Абдрахим Тулыбаев, Айгерім Асылбек, Біржан Өтеген иеленді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:07
2 октября
12:15
2 октября
17:58
1 октября
Встроенная мебель в Атырау: семь ошибок, из-за которых шпон трескается, а двери не закрываются
Новости компаний
12:11
30 сентября
09:15
30 сентября
Тимур Турлов пообещал выделять $1 млн в год на шахматы в школах
Новости компаний
17:45
29 сентября
17:55
28 сентября
15:16
28 сентября
Объявления
00:07, 1 октября
12:53, 3 октября
15
09:50, 1 августа
10:20, 28 сентября
12