• Главная
  • Махамбет ауданында төрт ауылдық округке «Беларус МТЗ-920» тракторлары табыс етілді
11:00, 1 декабря 2022 г.

Махамбет ауданында төрт ауылдық округке «Беларус МТЗ-920» тракторлары табыс етілді

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

 Бүгін Махамбет аудандық әкімдігінің қолдауымен жергілікті атқарушы органдардың қызметін одан әрі жетілдіру, ауылдардағы атқарылатын жұмыс көлемін оңтайландыру мақсатында Бақсай, Есбол, Бейбарыс, Ақжайық ауылдық округтеріне жаңа «Беларус МТЗ-920» тракторлары беріл, деп хабарлайды Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі. 

  Аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев 4 ауылдық округтің әкімдеріне жаңа трактордың кілтін салтанатты жағдайда табыстады. 

Махамбет ауданында төрт ауылдық округке «Беларус МТЗ-920» тракторлары табыс етілді , фото-1, фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

 -Күні кеше мемлекет басшысы ауылдарды өркендету мәселесін ең алдыңғы міндет етіп қойғаны белгілі. Осы орайда ауылдық округтерде техникамен атқарылатын жұмыстар көлемінің ұлғаюына байланысты оларды қажетті техникалармен, агрегаттармен қамтамасыз етуге мол мүмкіндіктер жасалуда. Соның бірі бүгі жүзеге асып, 4 ауылдық округке шаруашылық көліктері табысталып отыр. Бұл көліктер ауылдардағы көше тазалау жұмыстарына пайдаланылатын болады. Алдағы уақытта осындай көліктермен барлық ауылдық округтер қамтамасыз етіледі, деді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Алтынбек Қуанғалиев. 

 Тракторлар Қостанай қаласындағы «МТЗ -Қазақстан» машина жасау зауытынан жинақталған. Барлығында тіркеме мен көше сыпыратын арнайы сыпырғыш бар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #трактор
Объявления
live comments feed...