• Главная
  • Атырауда жұмыспен қамту шараларына 30 598 адам тартылды
12:00, 30 ноября 2022 г.

Атырауда жұмыспен қамту шараларына 30 598 адам тартылды

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

 Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамту басқармасының бөлім басшысы Гүлболат Аманғалиева мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

 Жұмыспен қамту шаралары мемлекеттік бағдарламалар негізінде іске асады. Мәселен, жұмыспен қамтылғандардың 795-і жастар, олар жастар практикасы арқылы қабылданған. Ал оқуын аяқтаған 100 студент  «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасымен жұмысқа орналасып отыр. Сондай-ақ биылдан бастап іске асқан «Ұрпақтар келісім-шарты» және «Күміс жас» жобасы аясында 41 адам жұмыспен қамтылған.  

 -Өткен жылмен қоса есептегенде осы уакытқа дейін 30 598 адам түрлі шаралармен қамтылып, уақытша және тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Ал биыл жалпы жұмыспен қамту орталықтарына 28 мыңнан аса адам жұмыс мәселесі бойынша хабарласты. Қазір оның 40 пайызы жұмыспен қамтылып отыр. Оның ішінде 8 мыңнан аса адам тұрақты жұмысқа орналасты. Одан өзгелері түрлі бағдарламалар негізінде бірі уақытша, бірі әлеуметтік жұмыстармен қамтылды, - деді Г.Аманғалиева.  

 Оның айтуынша, бұдан бөлек 429 жұмыссыз әр түрлі мамандықтар бойынша оқуға жіберілген. Ал 855 адам «Skills» веб-жобасы арқылы онлайн оқыған. Сонымен қатар, «Бастау-бизнес» жобасымен 2346 адам кәсіпкерлік негізде білім алған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жұмысқа орналастыру
Объявления
live comments feed...