• Главная
  • Атыраулық полицейлер есірткіге қарсы іс-шаралар кешенін өткізуде
17:40, 28 ноября 2022 г.

Атыраулық полицейлер есірткіге қарсы іс-шаралар кешенін өткізуде

фото: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

фото: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Қазір әлемде ең кең таралған өзекті мәселенің бірі – синтетикалық есірткі болып табылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында осы мәселе туралы: «Өскелең ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін тағы бір қатер – есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің де таралуы деп атап өтті. Сол себепті қауіпті дерттің қоғам ішінде таралуына тосқауыл қойып, алдын алуда полиция қызметкерлері тарапынан бірқатар шаралар тұрақты түрде жүргізіліп келеді, деп хабарлайды Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Соған сәйкес, 15-22 қараша күндері аралығында Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік гранты негізінде "Әлеуметтік бағдарламалар орталығы" Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  қала аумағындағы «Жоғары инновациялық халықаралық қатынастар», «Атырау сервис», «Атырау индустриалды», «Атырау аграрлы-техникалық», «Атырау политехникалықі», «Музыкалық» және «Атырау энергетика және құрылыс» колледжінің студенттеріне дискуссия форматында профилактикалық сабақтар өткізілді.

Мақсат: жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерден-ішімдік, нашақорлық, шылым шегудің денсаулыққа зияндылығы жөнінде ақпарат беру  және есірткі қылмыстарына көзделген қылмыстық жауапкершілікті түсіндіру болып табылады. 

Шара барысында студенттер белсенділік танытып, синтетикалық есірткі мен нашақорлықтың түрлері, олардың сыртқы белгілері мен салынудың себептері жөнінде жан-жақты талқыланып, нашақорлықтың зияндылығы туралы  көкейкесті сұрақтарына мардымды жауаптарын алды. 

- Жастар арасында осы тектес профилактикалық шаралар кешенін жиі ұйымдастыру – жас ұрпақтың жаңа өмірлік мақсаттары мен құндылықтарды құруға, сондай-ақ есірткі заттары туралы алынған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Соның арқасында, жастардың жан-жақты дамуы мен интеллектуалды ізденісін, қоғамда дұрыс тәртіп жолдарының бағдарларын қалыптастыруда осылай бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып, өздерінің әлеуметтік байланыстары мен бір-біріне деген сенімін нығайтады. Соның өзі, құқық бұзушылықтың алдын алуда айрықша орын алады, - деді Атырау облысы Полиция депатаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Марьяна Джангалиева. 

Бұл бағытта Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері тарапынан жұмыстар жалғасуда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #есірткіге қарсы іс-шаралар
Объявления
live comments feed...