
14:55, 28 ноября 2022 г.
«Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

фото: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Атырау облысы аумағында ағымдағы жылдың 28-30 қараша аралығында мал ұрлығын ескерту, алдын-алу және ашу, оларды жасаумен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында «Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.
-Шара аясында учаскелік полиция инспекторлары және криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындармен мал ұрлығының алдын алу бойынша әңгімелесу жұмыстары сондай-ақ мал ұрлығын жасайтын адамдар мен қылмыстық топтар туралы ақпаратты жинау, малды сою және ет өнімдерін сату орындарын, сондай-ақ даярлаушыларды, қайтып сатып алушыларды және сатушыларды анықтау мақсатында, қала аумағында ет қабылдау станциялары, мал базарлар мен мал сою алаңдары, ет сататын дүкендер, сауда орындары, базарларға локальды тексеру жұмыстарын жүргізеді -деді, Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.
Сонымен қатар, күнделікті республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тартылған жол-патрульік полиция қызметкерлерімен құжаттарсыз (ветеринариялық паспорттарсыз, ветеринариялық анықтамаларсыз, ветеринариялық сертификаттарсыз және т.б.) малды және ет өнімдерін тасымалдау фактілері тексерілуде.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
14:35, 6 мая
14:34, 6 мая
live comments feed...