• Главная
  • Құрманғазы ауданында зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының құрылысы жүріп жатыр
11:50, 25 ноября 2022 г.

Құрманғазы ауданында зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының құрылысы жүріп жатыр

Рүстем Насибуллаев фотосурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Рүстем Насибуллаев фотосурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Құрманғазы ауданы Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Рүстем Насибуллаев бүгінде мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстарының басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі, деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 2019 жылғы 14 қаңтардағы №7 қаулысымен Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының теңгеріміне жаңа ғимарат алынған болатын. Мақсат – аудан бойынша 260 мүмкіндігі шектеулі бала бар екені ескеріліп, мекеменің қамту ауқымын кеңейту.  

 - Аудандағы зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы жартылай стационарлық жағдайдағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жалғызбасты қарияларға 8 бағыт бойынша әлеуметтік көмек көрсетеді. Олар әлеуметтік-тұрмыстық, педагогикалық, медициналық, психологиялық, мәдени, экономикалық, құқықтық, еңбек бойынша зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіп отыр. Орталықта жартылай стационарлық жағдайда мүмкіндігі шектеулі 18 бала, 91 жалғыз басты қария және толық ем алатын 51 мүмкіндігі шектеулі бала әлеуметтік көмекке жүгінеді. Орталықтың көмегіне жүгінетін жандарға қолайлы қызмет көрсету мақсатында қазір біздің жаңа ғимаратымыз салынуда. Сондай-ақ орталыққа еркін қатынау үшін 2 инватакси автокөлігі қызмет етеді, - деді Р.Насибуллаев. 

 Айта кетейік, аталған аудандағы орталық келер жылы қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #строительство
Объявления
live comments feed...