2018 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде арнайы жәрдемақы енгізіледі. Оның кімдерге берілетінін ҚР еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында түсіндіріп берді.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырды. ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова бұл жәрдемақы нақты кімдерге берілетінін айтты.