• Главная
  • ҚАЖЕТТІЛІК БАР ЖЕРДЕ ТІЛ ӨЛМЕЙДІ
15:20, 10 января 2018 г.

ҚАЖЕТТІЛІК БАР ЖЕРДЕ ТІЛ ӨЛМЕЙДІ

Тіл – халықтың жаны. Қай ұлттың болмасын тағдыры мен тәлімін, тәрбиесі мен мәртебесін, болашағы мен сенімін, мәдениеті мен рухын, байлығы мен қазынасын жете түсіндіретінбайланысқұралы мен тарихын таңбалайтын өлшемі. Дүниеге келген сәттен бастап ана сүтімен бойымызға даритын, жанымызға рух пен күш беретін, патриоттық сезімге баулып, өз еліңнің нағыз сұлтаны екендігіңді дәлелдеп, бойыңа қайсарлықдарытатын ол ана тіліміз. Яғни, біз үшін мәртебесі биік, болашағы асқақ, кемелі орасан –қазақ тілі.

Қазақ тілі-сан ғасырды басынан кешкен ата тіл. Ата-баба тілін аманатқа алып оны болашаққа апаратын ұрпақ біз екенімізді білемін. Бұл әрине, 100 қазақ отырған жерде 5 орыс отырса да орысша сөйлейтін сорлы замандағы менің ойым. «Қазақ тілінің маған қажеті қанша? Болашағым үшін ағылшын тілі керек! Қазақ тілімен қайда бармақпын?» -деп ойлайтын студенттердің арасындағы кездесулерде жиі боламын деп Г.Бельгер деп айтпақшы ағылшын тілі мен орыс тілін сәнге айналдырған жастар мемлекеттік тілді қаншалықты біледі?

Биыл Қазақ гуманитарлық заң университетінің қазақ және орыс тілдері кафедрасы «қазақ тілін» оқытуға байланысты сауалнама жүргізген болатын. «Сіздің қазақ тілін меңгеру деңгейіңіз қандай?» деген сұраққа 149 студенттің 11%-ы өте жақсы және жақсы деп 75%-ы орта деңгейде, 14 %-ы ортадан төмен деңгейде деп жауап берген. Қазақ тілін білу деңгейің төмен болса, оған не себеп болды?» дегенге 11% «орыс тілді қоғам өмір сүргендіктен десе, 56%-ы:« Отбасында, достармен қазақ тілінде сөйлемеуден не аз сөйлеуден» депті. Енді өзіңіз ойланып көріңіз! 56%-қателік өзімізден кетіп отырғаны тайға таңба басқандай ап-айқын көрініп тұр. Қазақ тілі Қазақстандағы мемлекеттік тіл ретінде заң жүзінде бекітілгенімен, ол мәртебені толық түрде орыс тілі атқарып отыр.

«Маған шетелде білім алған көптеген бизнесмендер келеді. Олар түрік, ағылшын, неміс тілдерін жетік меңгерген, ал ана тілін білмейді. Өйткені, олар ана тілдерінен ешқандай қажеттілік көрмейді.»-деп қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасымен Гарвардта білім алып жатырған шенеулік Ш.Мұқан «10 причин почему важно знать и говорить на казахском языке» атты кітабында да мысал келтіреді.Ел боламын деген мақсатымызға сызат түсірген ана тілімізге деген жауапкершілік пен қажеттілікті сезіне алмаған кінәні де өзімізден әлде 25 жыл ішінде ел боламын деген ұлтқа қажеттілікті тудыра алмаған басшы орындарымыздан іздегенімізбен түкті де өндірмесіміз анық. Ендігі шешу жолы мен шығу жолынқарастыру керек шығар. Өйткені, қажеттілік жоқ жерде ықылас, ниет, пейіл дегенің де ауылы алыстай береді. Осы орайда жақындақоғам қайраткері Д.Көшімнің « Қазақ тіліне қажеттілік тудырудың жалғыз жолы» атты ой саларлық мақаласын ұсынар едім. Айтылып-айтылып құлақ құрышын қандырған шешімі жоқ бос сөз емес, «Прибалтика тәсілі» арқылы мемлекеттік тілді меңгермегендерді мәжбүрлеп үйретеді.

«Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде», «Қазақстанның болашағы-жастардың қолында» деп Елбасымыз айтқандай,Ш.Мұқан: «Тілді сақтау үшін- жастар және білім қажет. Жастар бал жинау үшін ұшып бара жатырған ара сияқты. Қай тілдің білім қоры көп сонда қонады»-дейді. Мысалы: Удмуртия, Калмыкия, Тыва мемлекеттері мемлекеттік тілдерін (464 000 адам), тыва тілі (264 000 адам), қалмық тілі (518,5 000 адам) деп жарияласа да ЮНЕСКО бойынша жоғалып бара жатырған тілдер тізіміне еніп отыр. Бұл тілдерде газеттер мен кітаптар шығып, халық мемлекеттік тілде сөйлесе де жастар білім алуда орыс тілін таңдап отыр. Себебі, орыс тілі арқылы жұмысқа орналасуға да, білім алуға да көптеген мүмкіндіктер жасалады. Жалпы алғанда ЮНЕСКО бойынша 2 аптада бір тіл жоғалады екен. Осы қалпымызда жалғастыратын болсақ, бізде сол тілдердің қатарында болмасымызға кім кепіл?!

Тілдік ортаның тарылып, қолдану сапасының құлдырай түсуіне тек жастар ғана кінәлі емес. Сол жастарға жауапкершілікті артып, қажеттілікті сездіре алмаған жоғарғы тап өкілдерінің де үлесі бар.

2009 жылы қараша айында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Тлеухан ҚР Премьер-Министрі атына сұрақ жолдаған болатын. «ҚР Мемлекттік тілді білмей-ақ жоғарғы лауазымды жұмысты атқаруға болады. Менің қолыма азаматша Жұбатқанованың атынан хат түсті. Оны орыс тілін еркін білмегендігі үшін Астана қаласындағы прокуратурада атқарып жүрген жұмысынан босатқан. Мемлекеттік тілді білмегені үшін емес, орыс тілін білмегендіктен. Бұл менің өзіндік пікірім емес, бұл факт. Егер сіз орыс тілін еркін меңгермесеңіз, сіздің лауазымды орындарда жұмыс жасауға мүмкіндігіңіз жоқ!» Егер билік осылай деп сайраса, қарапайым халық пен жастарға мін арту ұят. «Көркейтеді, өсіреді» деп сенген жоғарғы тап өкілдері ана тілмізге немқұрайлы қарар болса, олардың жүзеге асырып жатырған жобалары мен қазақшаландыру шаралары түкті де өндіріп жатырғаны шамалы. Тіл кез келген этностың ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің дамуы барысындағы лингвистикалық құбылыс екенін ұмытып кеткен тірңзді.

Тіпті 2007 жылдан берііс-қағаздары толықтай қазақ тілінде жүре бастаған, халқының 97% қазақ тілін еркін біледі деген Атырау облысының өзінде қазақ тіліндегі құжаттарға әлі де түсінбейтіндер көп кездеседі. «За утерю залогово билета штраф -300 тенге» деген сөзді «Залогодателя кепіл беретін жоғалтқан айыппұл артынан төленеді-300 тенге» деп аударып Павлодардағы ломбардтардың бірінде қазақ тілін аударатын компьютер ғаламторды шулатқан болатын.Қазақтардан гөрі орыстар көп шоғырланған Павлодарлықтар қазақшаны өздері жарытып сөйлемей жатып, қазақша сөйлейтін компьютер орнатқаны қай сасқаны?! БҚО банк қызметкерлерінің қазақ тілінде сөйлемейтінін, Халық Банк пен Каспий Банктың операциялар орындалатын залында электронды кезекке тұрудағы талон мен банкоматтағы түбіртектер орыс тілінде басылатыны аздай қала көшелері мен сауда үйлерінің өзі «Азбука Связи» деп орыстанып тұрса өсіп келе жатырған жас ұрпақтан қазақша сөйле деп талап етуіміз қалай? «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші күнделікті өмірде аттаған адымының өзін кішкентайынан тілін бұрап орысша сайратып қойсақ, ендеше болашағынан одан артық не күтпекпіз? Бүгінгі таңда қоғамымызда ана тілдік ортаның қалыптасуына кері ықпал етіп жатырған факторлартек жастар мен жоғары тап өкілдері ғана емес. Елбасының 2008 жылдан бастап Жолдауында орысша айтылған «триединство языков» сөз тіркесін кейбір шала шала сауаттылар қазақшаға «үш тұғырлы тіл» деп аударуы халықты да, тіл мамандарын да әбденшатыстырған болатын. Кейін әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін билік жарқын болашаққа бастаған маңызды да игілікті бастама ретінде «Үш тұғырлы тіл» саясатын қолға алған болатын. Өсіп келе жатқан баласының қамын ойлаған ата-ана арасында да, қазақ тілінің ертеңін толғаған тіл жанашырлары арасында дакелеңсіз пікірлер қалыптастырған болатын.

«Ана тілін жақсы біліп тұрып, өзге тілде жетік сөйлесе ــ бұл сүйініш, мақтаныш, ал ана тілін білмей тұрып, өзге тілде сөйлесе ــ бұл күйініш, өкініш. Ал біздегі мақсат – ағылшын идеологиясын сіңіріп, ағылшын болып өмір сүру емес, ағылшынның тілін ғана үйрену емес пе? Балаларымызды әлемге қанат жайған ағылшын тілімен қаруландыру ғана емес пе? Кейбір адамдар ағылшын тіліне қарсылық білдіріп жатады. Ал ағылшын әлем мойындағанжаһандану тілі» деп ойлағандар ана тілін жарытпай жатып жаһандану заманына көшіп жатыр.

Бүгінгі ағылшын тілін күндіз-түні насихаттаушылардың ойынша ағылшын тілін еркін меңгерген халықтың табысы да мол, жастары арасында жұмыссыздық аз, бизнес-климат жоғары деңгейде көрінеді. Олай болса, кезінде ағылшындардың отары болған Африка құрлығының оннан астам елдері, Азиядағы Филиппин, Камбоджа, Индонезия сияқты елдер ағылшын тілі екінші мемлекеттік тіл саналатын Үндістан неге осы күнге дейін кедейшілік құрсауынан шыға ал май жүр? Ойланып көріңіз!

Гарвард университетін 30 жылдан астам басқарған Чарльз У.Эллиот «Мен білімділіктің маңызды бөлігі ретінде зияткерліктің бір ғана қажеттілігін мойындаймын, ол ана тілін айқын әрі мүлтіксіз меңгеру»деген екен. Ана тілімізді мүлтіксіз меңгеру үшін 1938 ж 13 наурызда БКП (б) ОК мен КСРО Халық комиссариаты Ұлттық республикалар мен облыстардағы мектептерде орыс тілін міндетті түрде оқыту туралы қабылданған қаулысы сияқты міндетті түрде түбегейлі қазақ тілін оқыту керек немесе Конституцияның 7-бабынан 2-тармағын алып тастауды ұсынып Елбасымызға ашық хат жолдағанзиялы қауым өкілдерін қолдау керек. Өйткені, заңда «Қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі болып табылады» деген бапты қабылдау кезінде халықтың пайыздықсалмағы қатарлас еді. Яғни қазақтар 1989 жылы 39,7 пайыз, орыстар 37,8 пайыз болатын.Сондықтан ол кезде бұл заңдылық болып қабылданды.Ал қазір Тәуелсіздікке ширек ғасырдан асқанда, қазақтардың саны кемінде 70 пайыздан асып кеткендіктен, бұл орыс тілі туралы талап демографиялық және демократиялық заңдылықтармен өз күшін жойып отыр. «Конституцияның 7-бабында «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп бадырайып жазылып тұрса да, екінші тармағындағы «орыс тілі ресми түрде мемлекеттік тілмен тең қолданылады» деген сөз – «ресми тіл» дегенді білдірмейтінін және орыс тілі екінші мемлекеттік тіл бола алмайтынын Конституциялық Кеңес дәлелдеп берсе де, сол бір 7-баптың екінші тармағы жұртты әлі шатастырып, орыс тілі заңсыз мемлекеттік тіл рөлін атқарып келе жатыр. Сондықтан Конституцияның 7-бабының екінші тармағын алып тастау керек» деп жолдағандай мемлекеттік тілді өз биігіне шығаруға атсалысайық.

«Қазақстанның болашағы – қазақ тiлiнде» деп мемлекеттiк тiлдiң бағытын айқындап берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мемлекеттiк қызметкерлердiң қабiлет-қарымдысына, соның iшiнде қазақ тiлiне қамшы салдырмайтындарына жан-жақты қолдау көрсетуiмiз керек. Әсiресе, мемлекеттiк қызметке кiрген қазақ қазақша сөйлеуi керек. Әрбiр мемлекеттiк қызметшi мемлекеттiк тiлге барынша қолдау көрсетiп, ынталыларға көмектi аямау керек» дегенсөзін жүзеге асыруға кім кедергі?

Халқымыздың рухани көсемi, ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы «Өз тiлi мен әдебиетi бар ел ғана өз алдына дербес ел бола алатынын бiз ұмытпауымыз керек» деп өсиет қалдырған екен. Дербестiгiмiздi, тәуелсiздiгiгнмiздi қалай қастерлесек, тiлiмiз бен әдебиетiмiздi, мәдениетiмiз бен салт-дәстүрлерiмiздi де солай құрметтеу керекпіз. Сол үшін де ана тілімізге мәжбүрлеп болса да қажеттілік тудырғанымыз абзал. Қажеттілік бар жерде тіл өлмейді. Ал, қажеттілікті тудыру өз қолымызда...

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#қазақтілі #анатілі #қажеттілік
Объявления
live comments feed...