14:30, 10 января 2018 г.

О, спорт! Сен түгел ғаламсың!

О, спорт! Сен түгел ғаламсың!

Рио-де Жанейро қаласының «Маракана» стадионын шулатқан  ХХХ жазғы Паралимпиада ойындарында  Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс медальді қанжығаларына байлаған болатын. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік унверситететінде өнер және спорт кафедрасының ұйымдастыруымен университет түлектері яғни, кешегі жас спортшылармен кездесу өтті.

Аталмыш шараға Халықаралық дәрежеде Қазақстанның атын қорғап жүрген студенттеріміз бен Паралимпиада 7-орын иеленген Әнуар Сариев қатысты. Кездесу барысында спорт кафедрасының хал ахуалы, жай күйі айтылды. Қазіргі таңда университетімізде спорттың 6 түрінен үйірме жұмыс жасап отыр. Олар: футбол, баскетбол, бокс, жеңіл атлетика, қазақ күресі мен самбо. Сонымен қатар алақандай оқу ордамызда 4 Халықаралық дәрежегі спорт шебері, 15 спорт шебері және 39 спорт шеберіне үміткер спортшылар білім алып отыр. Әнуар Сариевқа университет атынан 50 000 тг ақшалай сертификат табысталып, «Қазақстан Патриоты» журналының шеф редакторы, «Президент және Халық» газетінің тілшісіБахтияров Еркін Серікқалиұлы « Қазастан патриоты» медалімен марапаттады. Одан әрі кездесу ән шашулар мен кеш қонақтарының студенттерге деген лебізімен жалғасын тапты.

Университет түлегі, ХДСШ кикокстан Әлем чемпионы , Азия кубогінің күміс жүлдегері, ҚР кубогінің иегері, Атырау қалалық Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айтқалиев Марат Қабайұлы.

-Спорт пен дене тәрбиесі тек денені ғана шынықтырып қоймай, рухты да шыңдайды. Сондықтан да қазіргі таңда спорт саласына көп көңіл бөлінген. Қаламыздың өзінде 4 спорт кешені, спорт мектептері және олимпиядалық спорт резервтері бар. Ендігі болашақ спортшылар осындай бейбіт күннің астында өмір сүріп, білім мен спортты қатар алып жүріп, жан-жақтылықты талап ететін 21-ғасырда Халықаралық додада көк байрағымызды желбіретер кіл мықтылардың қатарынан болуларына тілек білдіремін. Бүгінгі өнегелі шараны ұйымдастырып отырған «Өнер және спорт кафедрасына» алғысымды айтамын.

«Қазақстан Патриоты» журналының шеф редакторы, «Президент және Халық» газетінің тілшісіБахтияров Еркін Серікқалиұлы.

-Қазіргі күнде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университеті Қазақстандағы мықты университеттердің қатарында. Бүгін сол университеттің ғылыми кітапханасы мен спорт кафедрасында болдым. Көріп-білгенімнен түйгенім,  Боламын деген балаға барлық жағдай жасалған. Мүмкіндік мол, шыңдалу өздеріңнің қолдарыңда.Университет түлегі, ХДСШ 2008 жылғы Пекинде өткен және 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиядаға қатысушы. Дзюдодан, Самбодан, Қазақ күресінен ҚР бірнеше дүркңн чемпионы, Атырау қаласының су спорт түрлері кешенінің басшысы Ринат Ибрагимов Хисаұлы.

-Әр оимпиада сайын 2008 жылдан бастап біздің университетімізден спортшылар ұсынылып келеді.Бұл қуантарлық жағдай. Сол сияқты 2020 жылы Токиода өтетін олимпиадаға да университетімізден көптеген студенттер қатысып, қанжығасына алтын байлайтындарына сенімім кәміл.

Университеттің Дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі, профессор ҚР-НА Еңбек сіңірген жаттықтырушы Аралбаев Сансызбай Сейітқалиұлы. -Университетте осыдан 36 жыл бұрын яғни, 1982 жылы спорт бөлімшесі ашылып, осы күнге дейін дамып, жұмысын жалғастырып келеді. Қаншама түлектерді ұшырып, біз білетін мықты спортшыларды дайындады. Бүгінгі күні материалдық та, техникеалық та дамып үлкен жетісітіктерге жетіп келеді. Еліміздің атын әлем деңгейінде танытып жүрген жас спортшыларымызға, әнұранымызды көкте әуелететін жеңістер тілеймін.

Олимпиалық қозғалыстың белсенді қайраткері Пьер де Кубертон : «О, спорт! Сен түгел ғаламсың» деп бекертұжырым жасамаған шығар. Ендеше бізде, күллі ғаламы спортқа айналған спортшыларымызға да жеңісті күндер көп болсын дейміз!

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#кездесу #спортшылар
Объявления
live comments feed...