• Главная
  • Атырауда браконьерлер ұсталды
16:52, 9 января 2018 г.

Атырауда браконьерлер ұсталды

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері заң бұзушыларды Зарослый каналында қылмыс барысында ұстады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін, 9 қаңтар 2018 жылы профилактикалық тексеріс кезінде сағат 12.30-да Дамбы поселкесінің екі тұрғыны Зарослый каналы тұсында ұсталды. Олардан мотоциклге қатысты және балық аулау үшін құжаттың жоқ болғандығы анықталды.

  - Мотоциклді тексеру кезінде 2 дана қызылбалық, 95 дана сазан табылды. Заңсыз ауланған балықтар тәркіленіп, тексеріс үшін ішкі істер департаментіне жеткізіледі. Ал мотоцикл айыппұл тұрағына жіберіледі, -деп мәлімдеді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі аумақтық инспекциясы Табиғат ресурстарын қорғау бөлімінің бас маманы Рүстембек Берікұлы.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#броконьер #балықаулау #заңсызсауда
Объявления
live comments feed...