• Главная
  • Атырау облысына жануарлар ауруларының алдын алу үшін 1 миллионнан астам вакциналар сатып алынады
16:40, 9 января 2018 г.

Атырау облысына жануарлар ауруларының алдын алу үшін 1 миллионнан астам вакциналар сатып алынады

Үй жануарларын қауіпті аурулардан қорғау мақсатында жүргізілетін егу жұмыстары ақпан айынан басталады, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Ауыл шаруашылығы департаментінің ветеринария бөлімінің мәліметінше, ағымдағы жылы облыста жануарлар ауруларының алдын алу үшін шамамен 1 миллион 79850 вакцина сатып алу жоспарланып отыр. 
Барлық мал міндетті түрде ауруларға қарсы вакцинацияланатын болады. Қауіпті аурулар тізбесіне түйіндік дерматит, марқа ауруы, қарасан ауруы,құс аурулары және тағы да басқа қауіпті мал аурулары кіреді. 
«Қазіргі уақытта Атырау облысында үй жануарларының қауіпті аурулары туралы деректер жоқ. Барлық вакциналар бір жыл ішінде жеткізіледі. Ең алдымен, Қызылқоға ауданына бруцеллез ауруын болдырмау үшін көптеген егулер жіберіледі», - дейді ауыл шаруашылығы департаментінің ветеринария бөлімінің бастығы Элеонора Даутбаева.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ветеринария #вакцина #үйжануарлары
Объявления
live comments feed...