• Главная
  • Махамбетте жер учаскелері қайтарылып алынып жатыр
14:00, 8 января 2018 г.

Махамбетте жер учаскелері қайтарылып алынып жатыр

Махамбетте жер учаскелері қайтарылып  алынып жатыр

Махамбет ауданында пайдаланылмай отырған жерлерді қайтару бойынша жұмыстар басталып кетті.

Жергілікті жер қатынастары бөлімі басшысы Ғибрат Мырзағалиевтің айтуынша, Махамбет ауданы бойынша тиімді пайдаланылмай отырған ауылшаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 49 736 гектарды құрайтын учаске бар. Қазір осы учаскелер бойынша 422 жер пайдаланушының тізімі Атырау облысы жердің пайдалануы мен қорғалуын қадағалау басқармасына жолданған. 

«Нәтижесінде 69 жер пайдаланушыдан жалпы көлемі 9295 гектар жер учаскелері кері қайтарылып алынды. Бұған қосымша жалпы көлемі 36 197 гектарды құрайтын 352 жер пайдаланушының тізімі құзырлы органға қайта жолданды», - дейді Ғибрат Мырзағалиев.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#жеручаскелері #дала #аймақ
Объявления
live comments feed...