• Главная
  • Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының жаңа басшысы тағайындалды
15:32, 4 января 2018 г.

Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының жаңа басшысы тағайындалды

Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының жаңа басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығы негізінде Сүгіров Найзабек Ақеділұлы Көлік комитеті Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды.

Қызылқоға ауданының Мұқыр стансасында 1958 жылы дүниеге келген ол Қазақ ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик және Алматының «Қайнар» университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Әр жылдары «Гурьев асыл тұқымды қой зауытында» механик және машина алаңы меңгерушісі, комсомол комитетінің хатшысы, 1987-1991 жылдары Қызылқоға аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі және партиялық бақылау комиссиясының төрағасы болып қызмет атқарды.

Найзабек Сүгіров 1991-2008 жылдары аралығында Қызылқоға аудандық жол бөлімінің басшысы, «Атырау жолдары» АҚ жолды пайдалану және құрылыс жөніндегі директордың орынбасары, «Су жолы», «Алматыстрой», «Қазақ автожолы» РМК Атырау филиалында түрлі деңгейдегі басшылық қызметтерде болған. Соңғы 10 жылдан бері «Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления
live comments feed...