• Главная
  • «Қазгидромет» қаңтар айының ауа райына болжамын жасады
15:12, 3 января 2018 г.

«Қазгидромет» қаңтар айының ауа райына болжамын жасады

«Қазгидромет» қаңтар айының ауа райына болжамын жасады

Айдың бірінші онкүндігінде республикамыздың көп бөлігінде Сібір антициклоны болады. Түнде және таңертең айқын, орташа аязды ауа райы болжанады. Ауа температурасы түнде -5, -13°C, күндіз -0, -5°C аяз болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің солтүстігінде және орталығында түнде -20, -25°C, шығыс жерлерде -30°C, күндіз -15, -20°C, шығыс жерлерінде 25 °C аяз болады.

Елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысында атмосфералық қысымнан өтетін ауа райы тұрақсыз деп болжанады: жауын-шашын, тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде -3, -13°C, күндіз -0,-5°C аяз, оңтүстіктің кей жерлерінде +5 градусқа дейін жететін жылымық болжанады.

Ұзақ мерзімді болжауға сәйкес, ауаның температурасы төмендегідей:

Еліміздің солтүстігінде түнде -25, -30°C, күндіз -20, -25 °C аяз болады; оңтүстігінде түнде -17, -22 градусқа дейін, күндіз -10, -15°C аязға дейін жетеді.

Жалпы, қаңтардағы ауа температурасы климаттық мәндер бойынша болады. Тек елдің батысында нормалардан 1°C жоғары болады деп күтілуде. Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облысының көп бөлігі, Қостанай мен Қарағанды қалаларының солтүстігінде, Оңтүстік Қазақстан облысының таулы және тау бөктері аудандарында айына жауын-шашынның мөлшері Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарынан төмен болуы мүмкін.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления
live comments feed...