
18:31, 28 декабря 2017 г.
БАЛАЛАР ҚУАНҒАН ҒАЖАП КҮН
Ата-ана мейірімінен шет қалған сәбилерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында «Кәмелетке толмаған бейімделу орталығының» тәрбиеленушілеріне жаңа жыл мерекесі ұйымдастырылды.
Алдымен М. Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма театрында кішкентай көрермендерге арнайы сахналанған «Күлшеқыз» жаңа жылдық ертегісін тамашалады.
Әр түрлі кейіпкерлердің образына еніп ерекше дайындықпен келген бүлдіршіндердің «Анеглы» тобы флешмоб биледі.
Сонымен қатар демеушілер тарапынан балаларға сыйлықтар мен тәтті торттар ұсынылды.
Мерекелік сыйлықтар мен керемет сәттің куәгері болған балақайлардың қуанышында шек жоқ.
Балаларға ғажап күн сыйлауға ат салысып аз ғана уақыттың ішінде қомақты қаржы жинауға көмектескен «Добрые люди» еріктілер тобына, бүлдіршіндерді көлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасаған «Смарт Атырау»КМК орталық диспетчерлік қызметіне, жаңа жылдық сыйлықтарды тарту еткен «ИнжПромКомпани» ЖШС құрылыс компаниясына және де тіл үйірерлік бәліштерімен қуантқан «Пироговая Печка» тәттілер дүкеніне, жаңа жылдық қойылымның билеттерін ұсынған М. Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драматеатрына алғысымызды білдіреміз.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
12:30, Вчера
12:18, Вчера
15
12:18, Вчера
53
14:39, 6 мая
live comments feed...
Комментарии