16:23, 28 декабря 2017 г.

Сәбиге сыйланған көңіл-күй

Сәбиге сыйланған көңіл-күй

Қазақстан Коммунистік халық партиясы «Шапағат» қайырымдылық жобасы аясында аз қамтылған, көп балалы отбасыларға Атырау энергетика және құрылыс колледжінде Жаңа жыл мерекесін өткізді.Аяз ата мен Ақшақардың көмегімен жаңа жыл шыршасын жағып, мыстан кемпірдің тапсырмаларымен ертегілер еліне саяхат жасады.

-Ерболат Дәулетқазиев- Қазақстан коммунистік халық партиясының орынбасары:

«Шапағат» қайырымдылық жобасы аясында аз қамтылған,жетім және де көп балалы отбасыларға мереке қарсаңында жаңа жылдық ертеңгілігімізді өткіздік. Бұнда 45-50 бала қатысып отыр. Сонымен қатараудан бойынша да қатысушылар бар.Бұл жоба аясындакөмеккке мұқтаж сәбилерге жыл сайын киім-кешек таратып, мұз айдынына барып жаңа жылдық көңіл-күй сыйлап жүрміз. Бүгінде оларды қуантуға тырыстық. Барша Атыраулықтарды жаңа жылдарымен құттықтаймын! Әр отбасына қуаныш, береке-бірлік тілеймін! Дастарханымыз мол болсын демекпін.

-Дана Нигметжанова-ата-ана:

Қызымының алғашқы жаңа жылдық шыршасы. Айлы есімді кішкентайым 2 жаста. Маған бүгінгі мерекеге орай ұйымдастырылған ертеңгілік көңілімнен шықты. Қызыма да ұнаған сияқты. Таң атқалы билеп, қуанып жүр. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін! Барлықтарыңызды келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймын!

- Алтыншаш -11 жаста, қатысушы:

Маған бүгінгі жаңа жылдық мереке қатты ұнады. Өйткені, біз сыйлықтар алдық, тамақ іштік, көңіл көтеріп би биледік.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления
live comments feed...