• Главная
  • Серік Сапиев атыраулық спортшылардың эстафетасын қабылдады
11:31, 28 декабря 2017 г.

Серік Сапиев атыраулық спортшылардың эстафетасын қабылдады

Серік  Сапиев атыраулық  спортшылардың эстафетасын қабылдады
Олимпиада чемпионы атыраулық спортшылардың жаңа жылдық  challenge қолдау көрсетті деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.  
Атақты боксшы және ҚР  Парламент Мәжілісі депутаты барлық қазақстандық спортшыларға бейнеүндеу жолдап,  Атырауда басталған жаңа жылдық эстафетаға қатысуға шақырды.
-Мен  атыраулық спортшылардың чемпиондық challenge шарасын қолдап,  шыршаны  медальдарыммен безендірдім.  Мемлекет басшысы спортты насихаттауды үнемі айтып келеді, оған осындай шаралар ықпал етеді.  Эстафетаны барлық спортшыларға  жолдаймын және жаңа жылдық эстафета жалғасын табарына сенемін,-деді Серік Сапиев.
Айта кетейік,  алғашқы чемпиондық шыршаны Атырауда 24  желтоқсанда безендірді.  26  желтоқсанда эстафетаны Қарағанды облысының спортшылары қабылдап,  шыршаны жыл бойғы жетістіктерімен жасандырды.  27 желтоқсанда  challenge-ді олимпиада жүлдегері  Серік  Сапиев қолдап,  медальдарын шыршаға тақты.
Атыраулық спортшыларды қазақстандық боксшы Мадияр Ақшеев те қолдады.  Ол Серік Сапиевтің эстафетасын қабылдап, АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы шыршалардың бірін ҚР мемлекеттік туымен безендірді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#СерікСапиев #спортшылар #эстафета
Объявления
live comments feed...