
13:16, 27 декабря 2017 г.
Қала тұрғындары Жаңа жылды қалай қарсы алады?

Жаңа жыл – бөбектердің де, ересектердің де сүйікті мерекесі. Сағат он екіні соғысымен от шашуларға қарап тұрып, ескі жылдың келмеске кеткенін түсінеміз. Ертегіге сенбесек те, жүрегіміздің түкпірінде Жаңа жылдан бір сиқырды күтіп, бақыт тілейтініміз бар-ды. Сол себептен де, мерекеге тыңғылықты дайындалып, үлкен құлшыныспен сыйлық таңдаймыз. Ең сүйікті тағамдарды әзірлеп, жақындарымызды қуантуға асықтыратын атаулы мерекені қала тұрғындары қалай қарсы алады екен?
-Асан Ноғайбаев-қала тұрғыны:
Осы жылды жұмыста қарсы аламақшымын.Жұмыстастарымызбен дастархан басында өз жылы лебізімізді айтып күтетін болармыз деген ниеттемін.Тауық жылы тек жақсылықтарымен есте қалды. Отбасылы болдым. Ал, келер ит жылынан кішкентай сәби күтемін.
-Эльмира Төлегенова-қала тұрғыны:
Жалпы Жаңа жыл отбасылық мереке деп білемін. Сондықтан әр жыл сайын отбасымызбен үйде қарсы аламыз. Міндетті түрде ұлттық тағамдарымыздың бірі-бешбармақ дайындап, жақындарымды қуантамын. Келер жылдан туған-туыстарым мен отбасымның амандығын тілеймін.
-Айкен Молдабаева-студент:
Мерекені жанұяммен бірге қарсылаймын. Жаңа жыл жылылық пен жаңашылдықты сыйлайтын ерекше мейрам. Сол үшін бір-бірімізді қуанту мақсатында сыйлықтар жасаймыз. Өзім шын көңілден сыйланған барлық сыйлықтарды жақсы көремін. Сонымен қатар Жаңа жыл ерекше дастарханыменде дараланады. Біздің үйде мереке жаңа жылдықторт пен тәттілерсіз өтпейді.Барша қала тұрғындарын Жаңа жылдарымен құттықтаймын! Отбасыларына береке, бақыт, аманшылық тілеймін!
-Нұрай Қуанғалиева-студент:
31- желтоқсан әкемнің туған күні. Сондықтан Жаңа жылды асыға күтеміз. Ерекше қуанышболғандықтан үйге жыл сайын қонақ келу де дәстүрге айналған.Ағайын-туыспен бірге сағат тілі он екіні көрсеткеннен кейінби билеп, от шашу атып мерекелік дастарханда көтеріңкі көңіл-күймен қарсылаймыз.
-Құралай Марданова-қала тұрғыны:
Бұл атаулы мерекені жаңа жылдық шыршаны безендіргеннен бастап, мен де, сәбиім де асыға күтеміз. Мерекелік дастарханда міндетті түрде тауық еті мен бешбармақты дайындаймын. Өйткені, кішкентайым сүйсініп жейді. Атырау халқынкеле жатырған ит жылымен құттықтаймын! Жаңа жылда әр адамныңсезіміне, ішкі дүниесіне жақсылық орнап, әр күн сайын ұйқыдан оянғанда «Мен бақыттымын!» деп айтатындай сәттер көп болсын деймін!
-Меңдеш Абуов-студент:
Жаңа жылды отбасыммен қарсылап, кейін достарыммен бірге қыдыруға шығамын. Келер жылыҚұдай қаласа кәмелеттік жасқа толамын. Сол үшін бұл мерекені тағатсыз күтіп жүрмін. Барлық жерлестерімдіЖаңа жылдарымен құттықтаймын! Жаңа табыстар мен жаңа белестер тілеймін!
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:12
Вчера
17:13
31 декабря 2025 г.
13:17
31 декабря 2025 г.
11:20
31 декабря 2025 г.
10:52
31 декабря 2025 г.
09:33
31 декабря 2025 г.
17:32
30 декабря 2025 г.
16:13
30 декабря 2025 г.
Объявления
17:05, 21 декабря 2025 г.
10:07, 29 декабря 2025 г.
12
10:53, 23 декабря 2025 г.
53
10:53, 23 декабря 2025 г.
15
10:53, 23 декабря 2025 г.
22