• Главная
  • Атырау облыстық əкімдігінде білім беру басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
10:47, 22 декабря 2017 г.

Атырау облыстық əкімдігінде білім беру басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Атырау облыстық əкімдігінде білім беру басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Облыстың бас мұғалімі болған 44 жастағы Қайырғали Кенжеғалиев бұған дейін облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Жаңа басшыны облыс активі жиынында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев таныстырды.

Қайырғали Кенжеғалиев қарапайым мұғалімнен мемлекеттік қызметкерге дейінгі еңбек жолынан өткен. Атырау қаласындағы білім беру мекемелерінде басшылық лауазымда болды.

2016 жылдың қыркүйек айынан бері Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары.

Нұрлан Ноғаев жаңа басшыны лауазымымен құттықтап, бірқатар нақты тапсырмалар берді. Аймақ басшысы облыстағы білім беру саласында оң өзгерістер болуы керектігін атап айтты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырауоблыс #білімберубасқармасы #тағайындау
Объявления
live comments feed...