• Главная
  • Атырауда спортпен шұғылданушылар саны 4 есеге өсті
09:37, 21 декабря 2017 г.

Атырауда спортпен шұғылданушылар саны 4 есеге өсті

Атырауда спортпен шұғылданушылар саны 4 есеге өсті
Қалада заманауи спорт нысандары құрылысының көбеюіне байланысты  дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұрғындар саны еселенді. Бұл туралы қала әкімі Серік Шапкенов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. 
2017 жылдың соңына қарай мұнайлы өңірде спортпен тұрақты айналысатын тұрғындар саны  89 720-ға жетті. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 4 есеге өскен.
-Атырауда заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешендері  салынуда. Жаңа спорттық нысандар құрылуына  байланысты дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындар саны артты,- дейді қала әкімі Серік Шапкенов
Айта кетейік, қазіргі таңда қалада 6 спорт кешені, 4 спорттық мектеп, «Жайық» спорт кешені,  «Студенттер спорт кешені», 4 стадион, орталық жүзу бассейні, жабық теннис корты, еске есу (каноэ, байдарка) базасы, «Мұз айдыны» сарайы, 110 шағын футбол мен 30 тренажер алаңдары жұмыс жасауда.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #спорт
Объявления
live comments feed...