• Главная
  • 2018 жылы Атырауда 184 көшеге тротуарлар төселеді
09:29, 21 декабря 2017 г.

2018 жылы Атырауда 184 көшеге тротуарлар төселеді

2018 жылы Атырауда 184 көшеге тротуарлар төселеді

Тротуарлардың жалпы ұзындығы 174 шақырымды құрайды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы бүгін қала әкімі Серік Шапкенов баспасөз жиынында мәлімдеді.

Биылғы жылы 200 шақырымдық 311 көшеге тас жол төсеу жоспарланған болатын. Алайда, жұмыстар жоспардан артық орындалды. 

- Биылғы жылы қала және қала маңындағы аудандарда 267 шақырымдық 330 көшеге тас жол төселді. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 25 миллиард теңге бөлінді. Сонымен қатар, келер жылы жалпы аумағы 174 шақырымды құрайтын 184 көшеге тротуарлар орнатылады,- дейді қала басшысы. 

Одан бөлек, келер жылғы жоспар бойынша 220 шақырымды құрайтын 207 көшеге тас жол төсеу жоспарланып, ЖСҚ жасақталды. Жаңа жолдар қала және қала маңындағы ауылдарда салынады.

Қазіргі таңда, қалалық комиссия инвесторларды тарту арқылы 174 көшені жарықтандыруды жоспарлап отыр.

Фото: atyrautourism.kz

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #көшелер #тротуарлар
Объявления
live comments feed...