Атырауда балабақшалардың жетіспеу мәселесі қарқынды түрде шешілуде

Қазіргі таңда үш балабақшаның құрылысы аяқталуда, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгінгі күнде мектепке дейінгі білім беретін 76 мекеменің 34-і жекеменшік. Оларда 16 472 бала тәрбиеленуде. Айта кетейік, балабақша кезегінде 7 785 бала тұр.
2017 жылы Бірлік ауылында 280 орындық және «Геолог» ауылы, «Мирас» ықшам ауданында 165 орындық балабақша пайдалануға берілді. Сондай-ақ, үш нысанның құрылысы аяқталуда.
-Қазіргі уақытта Еркінқала ауылында 290 орындық, Атырау ауылында 160 орындық және «Нұрсая» ықшам ауданында 320 орындық балабақшаның құрылысы жүріп жатыр, - деп мәлімдеді Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов.
Бұдан басқа, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 20 балабақшаның құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда.
Осындай қарқынмен болашақта қала және ауылдық округтерде балабақшалардың тапшылық мәселесі шешілмек.