12:07, 20 декабря 2017 г.
2017 жылғы қаңтар-қарашадағы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитеті 2017 жылғы қаңтар-қараша айындағы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылады.
Тұрмыс деңгейі
2017 жылғы 2 тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 137842 теңгені құрады. 2016 жылғы 2 тоқсанмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар 4,2%, нақты ақшалай табыстар көрсетілген кезеңде 12,2% төмендеді.
Еңбек рыногы және еңбекақы төлеу
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2017 жылғы қарашаның соңына 9747 адамды құрады немесе жұмыс күшіне санына 3,1%.
2017 жылғы қаңтар-қыркүйекке қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 259834 теңгені құрады. 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 2,4% азайды. Нақты жалақы индексі 89,6% құрады.
Баға
Тұтыну бағасының индексі 2017 жылғы қарашада 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 106,6% құрады. Баға азық-түлік емес тауарларына 7,9%, азық түлік тауарларына - 6,2%, ақылы қызметтерге - 5,9% өсті. Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2017 жылғы қарашада 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 15,8% өсті.
Ұлттық экономика
2017 жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2221,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 15,2% артық.
Сауда
2017 жылғы қаңтар-қарашада бөлшек сауда тауар айналымы (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 230986,3 млн. теңгені құрап, 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,2% өсті.
Экономиканың нақты секторы
2017 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 5090957 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 21,4% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 23,8%, өңдеу өнеркәсібінде 3,6%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауа баптауда өндіріс көлемі 8,5%, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 7,3% артты.
2017 жылғы қаңтар-қарашада ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 57658,8 млн. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 0,2% артты.
2017 жылғы қаңтар-қарашада жүк айналымының көлемі 50604,4 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,8% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 1283 млн. жкм құрап, 7,7% артты.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2017 жылғы 1 желтоқсанға 11665 бірлікті құрады. Осы кезең ішінде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 7448 бірлік құрады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:27
Вчера
ТОП новости
Объявления
15:32, 8 ноября
12:33, Сегодня
13:03, 28 октября
12
live comments feed...