• Главная
  • Исатай ауданы Жанбай ауылдық округінде Тəуелсіздік күніне орай бірқатар шаралар өтті
10:03, 20 декабря 2017 г.

Исатай ауданы Жанбай ауылдық округінде Тəуелсіздік күніне орай бірқатар шаралар өтті

Исатай ауданы Жанбай ауылдық округінде Тəуелсіздік күніне орай  бірқатар шаралар өтті
16 желтоқсанда мерекеге байланысты ауыл тұрғындарына спорттық шаралар, көрмелер, жəрмеңке мен концерттік бағдарламалар дайындалды, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ең алдымен Жанбай ауылдық округі мəдениет үйінде "Бақытым Тəуелсіздік" атты концерт өтті. Концерт барысында жергілікті өнерпаздар көрермендерге əннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Нұрхат ЕРҒАЗИЕВ/ауыл тұрғыны/:
 «Тәуелсіздік мерекесімен барша қазақстандықтарды құттықтаймын! Ауылымызда бүгін мерекелік шаралар өтіп жатыр. Көңіл-күйім тамаша, бәрі өте жақсы деңгейде. Ұйымдастырылған шаралар ауылымыздың дамуына үлестерін қосып жатыр».
Сондай-ақ, ауыл тұрғындары тоғыз құмалақ, шахмат, асық ату, қол күресі, арқан тартыс секілді спорт түрлерінен өзара бақ сынасты. Айтулы мерекеге орай мəдениет үйі алдында азық-түлік өнімдеріне жəрмеңке ұйымдастырылды.
Исатай ауданы әкімінің орынбасары Бейбіт Мырзағалиев еліміз бүгінде өзге елдер арасында өзіндік беделін қалыптастырғаны тәуелсіздіктің арқасы екенін баяндады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Исатайауданы #Жанбайауылы #Тəуелсіздіккүні
Объявления
live comments feed...