• Главная
  • Атыраудағы 39 көшеге жаңа жарық жүйесі орнатылады
15:16, 16 декабря 2017 г.

Атыраудағы 39 көшеге жаңа жарық жүйесі орнатылады

Атыраудағы 39 көшеге жаңа жарық жүйесі орнатылады
Жарықтандыру мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында жүзеге асуда, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
 Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Атырау облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы мен «Батыс транзит» акционерлік қоғамы арасында «Атырау қаласының көшелерін жарықтандыру желісін салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы алғашқы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісім шарты жасалған болатын.
Жоба шеңберінде 2017 жылдың желтоқсан айының соңынга дейін және 2018 Атырау қаласының 39 көшесіне 2816 жарық шамдарын орнату жоспарланған. Жарықтандыру барысында жаңа технологиялар мен заманауи LED- жарық шамдарын орнату ескерілген. 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесі  қарсаңында қала және қала маңындағы  5 көшеге: облыс орталығындағы Берғалиев көшесінен Баймұханова көшесіне дейін, Водников ауылындағы Первомайская көшесіне, Проезд-1, Қарабау көшелеріне, Көкарна ауылынддағы 13 көшеден 7 көшеге дейін, 7 көшеден 12 көшеге дейін жарық шамдары орнатылады.
Аталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы Атырау қаласында жаңа технологияларын енгізу, пайдалану шығыстарын қысқарту, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жоғарлатуы мен жайлық жасауына, қылмыс санын азайтуы мен жол қауіпсіздігін жоғарлатуына бағытталған.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жарықжүйесі
Объявления
live comments feed...