• Главная
  • Атырау қаласының аумағы кеңейеді
11:48, 15 декабря 2017 г.

Атырау қаласының аумағы кеңейеді

Атырау қаласының аумағы кеңейеді
Облыс орталығы бірден екі ауылдық округпен толығады, деп xабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау қаласы құрамына Балықшы және Жұмыскер ауылдық округтары кіреді. Мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Жігер Ибатоллаұлы мәлімдегендей,  бұл іс облыс орталықтарынан бес шақырым қашықтықта орналасқан ауыл және ауылдық округтерді оңтайландыруға бағытталған мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында атқарылды. Айта кетейік, аталған ауылдық округтерде жалпы саны 30,5 мың адам тұрады.
Өз кезегінде қала әкімі Серік Шапкенов бұл үлкен істің бастауы екенін атап өтті: «Қала шекарасы кеңейіп келеді, соған сәйкес қала маңындағы сәулет көрінісі де өзгереді. Атырау өсіп, өркендеп келеді, алдымызда біз атқарар үлкен істер тұр. Бізді алда көптеген өзгерістер күтіп тұр» - деді қала әкімі.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #қалааумағы
Объявления
live comments feed...