• Главная
  • Атырауда Тəуелсіздік күніне орай "Нұрəлем" бөбекжай-балабақшасы ашылды
14:27, 14 декабря 2017 г.

Атырауда Тəуелсіздік күніне орай "Нұрəлем" бөбекжай-балабақшасы ашылды

Геолог ауылдық округіне қарасты «Мирас» ықшам ауданында 165 орындық "Нұрəлем" бөбекжай-балабақшасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Жаңа балабақша ғимаратының құрылысымен "Гамма S" ЖШС мердігер мекемесі айналысты. "Нұрəлем» бөбекжай- балабақшасы 165 тəрбиеленушіні мектепке дейінгі біліммен қамтымақ, оларға арнайы жас ерекшелігіне сəйкес жеті топ ашылған.

Атырауда Тəуелсіздік күніне орай "Нұрəлем" бөбекжай-балабақшасы ашылды, фото-1


Шараға қатынасқан қала әкімі Серік Шапкенов тұрғындарды көптен күткен қуанышты сәттерімен құттықтады:


- Облыс әкімінің атынан сіздерді бүгінгі қуаныштарыңызбен құттықтаймын! Бұл балабақшаның тәрбиеленушілері тәуелсіз Қазақстанның азаматтары, біздің болашағымыз. Ұрпағымыздың дамуы мен өркендеуі үшін барлық жағдайды жасаймыз. Бүгінгі шара соның дәлелі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстанда демографиялық құлдырау болжамы болған. Алайда, Президентіміздің сындарлы саясатының арқасында халық саны артты, қазақстандықтардың басым көпшілігі-балалар. Қазіргі таңда біз балалар үшін жақсы тәрбие мен сапалы білім алулары үшін қолдан келгенді аянбаймыз,- деп атап өтті.

Атырауда Тəуелсіздік күніне орай "Нұрəлем" бөбекжай-балабақшасы ашылды, фото-2


Ашылу салтанатының қызыл лентасын Геолог ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрсынбай Бахтияров пен келешек ұрпаққа тəрбие беру ісінің ардагері Ағилаш Халидуллина қиды.

"Нұрəлем» бөбекжай- балабақшасы 165 тəрбиеленушіні мектепке дейінгі біліммен қамтымақ, оларға арнайы жас ерекшелігіне сəйкес жеті топ ашылған.

Атырауда Тəуелсіздік күніне орай "Нұрəлем" бөбекжай-балабақшасы ашылды, фото-3


Атап өту керек, балабақша ғимараты 2 қабаттан тұрады. Жалпы ауданы 7 604 ш.м. Сонымен қатар, спорт залы мен музыкаға арналған кабинет қарастырылған.
Мереке қарсаңында ашылған аталған ғимарат жергілікті тұрғындарға үлкен қуаныш сыйлады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления