
14:17, 14 декабря 2017 г.
Атыраудың үздік оқушылары Тәуелсіздік күнін елордада қарсы алады
13 желтоқсанда Атырау қаласының әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы жанұядан болған, сондай-ақ, үлгерімі үздік 40 оқушы Астана қаласына демалысқа аттанды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық – инновациялық даму басқармасының бастамасымен өткен бұл сапар тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылды.

«Бүгінгі күн-біз үшін өте қуанышты күн. Біздің оқушыларға осындай мүмкіндік беріп отырған Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық – инновациялық даму басқармасының басшылығына алғысымызды айтамыз. Бұл шара әрі қарай да жалғасын табады деп ойлаймын»,- деді Атырау қалалық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Жұмазия Бозайқызы.

«Астана қаласына бара жатырғаныма қүаныштымын. Осы шараның ұйымдастырушыларына алғысымды білдіремін», - деді өз әсерімен бөліскен Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің оқушысы Мәжит Нұрайна.
Атыраулық оқушылар 3 күн бойы Астана қаласының мұражайларына экскурсия жасап, Елорданың көрікті жерлерін аралайды, сәулетімен танысады деп жоспарлуда.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:36
13 марта
12:07
13 марта
11:20
13 марта
Объявления
13:54, 5 марта
13:54, 6 марта
53
14:57, 8 марта