• Главная
  • Атырау облысында шағын орта бизнесті дамытуға 560 млн.теңге бөлінді
17:58, 13 декабря 2017 г.

Атырау облысында шағын орта бизнесті дамытуға 560 млн.теңге бөлінді

Атырау облысында шағын орта бизнесті дамытуға 560 млн.теңге бөлінді

Мемлекеттік бағдарлама бойынша 56 бизнес-жобаға қаржылық қолдау көрсетілді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.


Бұл сандар облыстық мәслихат сессиясының кезекті отырысында жарияланды. Аймақтың белсенді дамуы арқасында өңірде жаңа кәсіпорындар ашылады. Биылғы жылы жергілікті тұрғындардан өткен жылмен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандардың саны 4,6 есе көп.
Бұдан басқа, пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 4,7 млрд.теңге көлемінде 93 бизнес-жоба мақұлданды. Облыста жаңа кәсіпорындар ашу 200 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Құлсары қаласындағы жергілікті тұрғындарға «Ресей Сбербанкі» арқылы 21 млн. теңгеге шағын несие берілді және 5 жаңа бизнес-идеяны іске асыруға 9 млн.теңге бөлінді.
Бұдан өзге, биылғы жылы ТОО «ТШО» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Жарқыра» бағдарламасы аясында 6 жобаға грант бөліп, 2 бизнес-идеяны жүзеге асыру үшін пайызсыз несие ретінде 6 млн.теңге берілді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления
live comments feed...