14:29, 13 декабря 2017 г.

"Ынтымақ" жылдық есеп берді

«TENGIZCHEVROIL» ЖШС қолдауымен «Ынтымақ» қоғамдастықты дамыту бағдарламасы 2017 жылда атқарылған істер мен бағындырылған белестері туралы жылдық есеп беру конференциясын өткізді.

Аталмыш конференцияны«TENGIZCHEVROIL» ЖШС халықтық және байланыс бөлімінің бас менеджері Полс Хеймиш ашты.

«Әлеуметтік, білім беру және қайырымдылық жобаларын іске асыру арқылы жергілікті қоғамдастықтың тұрақты экономикалық дамуы үшін әлеуметтік капиталдарды арттыру мақсатында 2012 жылдан бері жұмыс атқарып жүрген «Ынтымақ» қоғамдастықты дамыту бағдарламасы20-ға жуық жаңаша бастамалардың жүзеге асуына себепкер болды. Солардың бірі- есту қабілеті төмен балаларға арналған есту апараттары. Қоғамның көмегіне мұқтаж жандарғажаңаша мүмкіндіктер сыйлаған бағдарлама жетекшісі Майя Шаменоваға алғыс білдіремін»-, деді.

Сонымен қатар ерікті Шейла Каснер, «Тіл мүкістігі бар» балаларға арналған мектеп-интернатының директоры Светлана Сайхановна, «Жас өспірімдер үйі» мен «Шаңырақ» балалар ауылың директоры Гульсара Амангалиевна, "Кәмелетке толмаған бейімделу орталығының" директоры Галия Адильбековна және де Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті мен Қ. Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжі қатысып «Ынтымақ» қоғамдастықты дамыту бағдарламасы мен бірге атқарған жұмыстарына тоқталды.

Қазіргі таңда «Ынтымақ» қоғамдастықты дамыту бағдарламасында 322 ерікті, 1368 бенефициар жұмыс жасайды. Сонымен қатар олар 15 381 020 тг қаражат жинақталған.

Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектеп интернатының» мың бұралған бишілері «Жайлау», «Түрік» билерін тарту етті.

Конференция соңындажыл бойына белсенді түрде жұмыс атқарған еріктілер мен серіктес ұйымдарға алғыс хаттар табысталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления
live comments feed...