• Главная
  • Атырауда "Ауған соғысындағы атыраулық жауынгерлер шежіресі" кітабының тұсауы кесілді
10:26, 12 декабря 2017 г.

Атырауда "Ауған соғысындағы атыраулық жауынгерлер шежіресі" кітабының тұсауы кесілді

Атырауда "Ауған соғысындағы атыраулық жауынгерлер шежіресі" кітабының тұсауы кесілді
Бүгін Атырауда Ауған соғысының 38 жылдығына орай "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында ауған соғысына қатысқан атыраулық ардагерлер ерлігін баяндайтын кітаптың таныстырылым кеші өтті, деп xабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аталмыш кітапта облысымыздан Ауған соғысына қатысқан 546 жауынгердің өмірбаяны мен естеліктері жазылған. 
Басылым Атырау мұнай және газ институтының доценті, ұстаз Айгүл Ермекованың бастамасымен жарыққа шықты. 
- Жерлес жауынгерлеріміз туралы кітап құрастыру ойға келгеннен бастап өз қаражатыммен еліміздің бірнеше облыстарын аралап, атыраулық Ауған соғысының қатысушыларын іздедім. Іздеу барысында 400-ден аса жауынгерлермен кездестім. Олар сақтаған құпия, естеліктер келешек ұрпаққа жету керек деп ойлаймын. Осы мақсатта 3 жылдың ішінде барлық ардагерлер мен облыс әкімінің тікелей қолдауының арқасында кітап оқырмандарына жол тартты ,- дейді басылым авторы.
Шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл бастаған әр өңірдің қоғамдық ұйым мүшелері, облыстағы Аудан соғысы ардагерлері, студенттер мен қала тұрғындары қатысты. 
Шара соңында облыс ардагерлері облыс әкімінің, Ауған соғысының ардагерлері ұйымдарының "Қазақстан ардагерлері" қауымдастығы атынан алғыс xаттармен, Бауыржан Момышұлы атындағы "Батыр шапағаты" және Хиуаз Доспанова атындағы медальдарымен марапатталды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жауынгерлер #кітаб
Объявления
live comments feed...