• Главная
  • Атырауда Астананың 20 жылдығына орай мерекелік концерт өтті
14:15, 11 декабря 2017 г.

Атырауда Астананың 20 жылдығына орай мерекелік концерт өтті

Атырауда  Астананың 20 жылдығына орай мерекелік концерт өтті

Атырауда Астананың 20 жылдығына орай мерекелік концерт өтті. Бұл туралы Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі xабарлайды.

Маxамбет атындағы қазақ драма театрында өткен мерекелік кеш «Руxани жаңғыру» мақаласы аясында облыстық әкімдіктің ұйымдастыруымен өткізілді.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев еліміздің бас қаласының мерейтойына жиналған қала тұрғындарын айтулы күнмен құттықтады:

«Бүгін еліміздің барлық қалаларында Елордаға арналған мерекелік іс-шаралар басталды. Отанға деген сүйіспеншілік интеллектуалды, белсенді жастардың арқасында туындайды. Ол ұлттың рухы биік болуы мен біртұтастығымызды айқындай түседі. Осыдан 20 жыл бұрын Елбасымыз Елорданы ауыстыру туралы бұйрыққа қол қойған болатын. Осы уақыт ішінде біз Еуразияның інжу-маржаны болып саналатын жаңа астанамызды құрдық. Баршаңызды мерекемен құттықтап, сіздерге және отбасыларыңызға сәттілік тілеймін!»,-деді аймақ басшысы.

Көрермендер назарына облыстың барлық ауданынан келген оқушылар мен өнерпаздардың мерекелік бағдарламасы ұсынылды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления
live comments feed...