• Главная
  • Атырауда елордаға арналаған мерекелік іс-шара өтті
09:07, 11 декабря 2017 г.

Атырауда елордаға арналаған мерекелік іс-шара өтті

Атырауда елордаға арналаған мерекелік іс-шара өтті
Атырауда елорданы ауыстыру туралы бұйрыққа қол қойылғанына жиырма жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті. Бұл туралы Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі xабарлады.
Маxамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрында өткен мерекелік кеш "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында облыстық әкімдіктің ұйымдастыруымен өтті.
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев еліміздің бас қаласы мерейтойына жиналған қала тұрғындарын құттықтады: 
-Бүгін еліміздің барлық қалаларында елордаға арналған мерекелік іс-шаралар басталды. Отанға деген сүйіспеншілік, отансүйгіштік өсіп келе жатқан, интеллектуалды, белсенді жастардың арқасында туындайды, ұлттың рухы биік болуы, біртұтастығымызды айқындай түседі. 20 жыл бұрын Елбасымыз елорданы ауыстыру туралы бұйрыққа қол қойған болатын. Осы уақыт ішінде дана және көреген шешімнің арқасында біз Еуразияның інжу-маржаны болып саналатын жаңа астанамызды құрдық. Баршаңызды мерекемен құттықтап,сіздерге және отбасыларыңызға сәттілік тілеймін!
Көрермендер назарына облыстың барлық аудандарынан келген оқушылардың мерекелік бағдарламасы ұсынылды. 70- тен аса жас атыраулық түрлі билер мен ана тіліндегі патриоттық әндерден шашу шашты.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #елорда #Астана #мереке
Объявления
live comments feed...