• Главная
  • "Күміс кітап" еңбегінің авторы Атырау жастарымен кездесті
МОТИВАЦИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ
17:00, 7 декабря 2017 г.

"Күміс кітап" еңбегінің авторы Атырау жастарымен кездесті

МОТИВАЦИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ

Кеше саясаттанушы, суретші, «Бас қосу» клубының жетекшісі, жазушы, «Күміс кітап» еңбегінің авторы Бақытжан Бұқарбай Атыраужастарымен кездесті.

Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің ұйымдастыруымен өткізілгенмотивациялық кездесудің мақсаты- студенттер арасында кітап оқу үрдісін қалыптастыру. «Аталар жолымен, ағалар ізімен» деп аталғанәлеуметтік тақырыптағы кездесуге «I Book You Atyrau» оқырмандар клубының жетекшілері мен мүшелері де қатысты.

Қазақ тіліндегі кітаптардың хәл-ахуалы мен қоғамда кітап оқыған адамның алар орны туралы сөз етіліп, адамның өзіндік «МЕНІН» қалыптастыруда не істеу керек деген сауалдарға жауаптар берілді.

2017 жылдың жоғары сұранысқа ие болған «Күміс кітап» еңбегінің жазылу тарихы мен жазудағы мақсаты да айтылды.

« ЖОО-на оқуға түсуге қалтаңыз көтермесе немесе шекара асып, шетелде білім алуға мүмкіндігіңіз болмаған күнде де сізге барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Себебі ақпарат қолжетімді, ғаламторда отырып, әлемнің озық деген елдеріндегі ең мықты оқу орындарының курстарын тегін оқи аласыз.  Мейлі, ғаламторың болмай яки ақша төлеп оқуға қаражатың жеткіліксіз болса, білімді болудың ең қолжетімді түрі- кітап оқу»

"Қазіргі мүмкіндіктер заманында жастар арасында сенімсіздік белең алған. Өзіне сенбеген жас мүмкіндіктерді сырттан іздейді. Жұмысқа орналасқан күнде де өз күші мен біліміне сенбей, басқа амалдар іздей бастайды. Сенімсіздік қандай жағдайда пайда болады? Ол  әрине, білімсіздік пен еріншектіктен. Сондықтан адам өзін жетілдіруі тиіс.  Даму үшін жанды қинап,  мүмкіндіктерді өзі қалыптастыра білуі керек.  Адам сенімсіздікті жойып, білімді әрі тәжірибелі маман болу үшін өз-өзімен жұмыс жасаудан қорықпаған жөн. Кітап та сол кемшіліктерді жоюдың бірден-бір көмегі»-, деген Б.Бұқарбай көрген-білген, көңілге түйген тәжірибелерімен бөлісті.

-Ануар Бегісбаев-Әлеуметтік гуманитарлық кафедрасының меңгерушісі, ұйымдастырушы:

Бақытжан ағаны шақырту туралы идея туындағаннан кейін ол кісінің жеке парақшасына жазып, ойымызды білдірген болатынбыз. Ол кісі идеяны қолдағаннан кейінКаспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің басшылығына айтып қаражат мәселесін шештік. Біздер, ұстаздар тарапынанстуденттерге кітап оқудың қажеттілігі туралы кеңес берген кезде де жеткізіп айта алмайтын тұстарымыз көп болады. Сол үшін де «жүз рет естігенше, бір рет рет көрген артық» дегендей теориядан гөрі практиканың маңыздырақ екенін ескердік. Өзге де қоғам белсенділерін шақыруға болатын еді. Алайда, Б. Бұқарбай 2017 жылдың басында жарық көрген«Күміс кітап» атты еңбегінде қазақ қоғамында кітап оқу үрдісінің төмен екенін атап көрсетіп, сол мәселелердің шешімін табуғаеңбектеніп жүрген жандардың бірі. Сондықтан жастарға қол ұшын беру керек болса, көмектесетін бірден-бір жан сол болды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#БақытжанБұқарбай #мотивация #кездесу
Объявления
live comments feed...