• Главная
  • Атырауда мұнай-газ химиясы кешенінің құрылысы басталды
14:39, 7 декабря 2017 г.

Атырауда мұнай-газ химиясы кешенінің құрылысы басталды

Атырауда мұнай-газ химиясы кешенінің құрылысы басталды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір кезінде Атырауда мұнай-газ химиясы кешенінің құрылысы басталды.

Ұлттық мұнай-химия технопаркінде қолға алынған жобаның алғашқы сатысында жылына 500 мың тонна полипропилен өндірілмек.
Құны 900 миллиард теңгеден асатын жобаның екінші кезеңінде полиэтилен зауыты салынады. Жоба толық қуатына көшкенде 3 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтиды. Кешенде жылына 1 миллион 250 мың тонна полимер өнідіріледі.
Айта кетерлігі, Қазақстанның тұңғыш мұнай химиясы кешені аясында еркін экономикалық аймақ құрылмақ.
Жеңіс Өсербай, «Біріккен химиялық компания» ЖШС басқарма төрағасы: Құрылыс жұмысына 5000 адам тартылады. Оның 500-і жоба аяқталғанда маман ретінде тұрақты жұмыста қалмақ. Біздің өнімге әлемдік нарықта үлкен сұраныс жоғары. Сол себепті тауардың 90 пайызы Қытай, Түркия, басқа да Еуропа елдеріне экспортталатын болады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления
live comments feed...