• Главная
  • Атырау тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретеді
16:55, 5 декабря 2017 г.

Атырау тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретеді

Атырау тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретеді

Бүгін 40 мемлекеттік қызметкерге  алғашқы медициналық көмек көрсетуден шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.




Қалалық жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жүрек жұмысы баяулаған кезде адамның өмірін сақтап қалу үшін қажетті шұғыл шараларды көрсетті.


-Жаңа жылдан бастап аталған шеберлік сағаттары міндетті болып табылады.
Басты мақсат – тұрғындарға төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін үйретіп,  жарақат алу немесе оқыс жағдайлар кезінде дәрігер келгенге дейін адам өмірін аман алып қалу. Науқасқа медициналық көмек алғашқы 2-3 минутта көрсетілуі керек,- дейді Атырау қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнафис Таңбаева.


Аймақта парамедиктерді оқыту бастамасын алғаш болып Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы қолға алды. Таяу арада жедел жәрдем дәрігерлері, жол полициясы мен өрт сөндірушілерді, көлік жүргізушілерін және қауіпті өндірістік қызметкерлерді оқытуды жоспарлап отыр.


Бұған қоса, Атырау қаласының мектептерінде, мемлекеттік мекемелерде, сауда орталықтарында және басқа да қоғамдық орындарда медициналық қондырғылар, жалпыға ортақ дефибрилляторлар орнатылады. Олардың көмегімен жедел жәрдем келгенше кенеттен болған жүрек жұмысының баяулауы жағдайында кез-келген адам алғашқы көмек көрсете алады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления
live comments feed...