
15:56, 5 декабря 2017 г.
Тері ауруларына қарсы ең алғашқы отандық медициналық препарат шығарылды

Қазақстанда терінің зең ауруларын емдеуге арналған ең алғашқы отандық препарат – «Розеофунгин – АС» қолданысқа енгізілді. Бұл ел өміріндегі айтулы оқиға деуге де болады. Келешегі зор отандық өнімнің жай-жапсары туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Микробиология және вирусология институтының бас директоры, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Аманкелді Саданов мырза айтып берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Vi-ORTIS» компаниясының жүргізген маркетингтік зерттеулерінің мәліметтеріне сүйенсек, 2016 жылы Қазақстанда зең ауруларына қарсы сатылған дәрілердің саны 1 384 823 қаптама болса, 2017 жылдың қаңтар айынан бастап мамыр айына дейінгі аралықта 617 776 қаптаманы құрады, ал теңгеге шаққанда, 2016 жылы – 2, 113 млрд теңге, ал 2017 жылы – 925,3 млн теңгені құраған.
Осы мәселенің күрмеуін шешуде, еліміздің фармакологиясына өзіндік үлес қосу мақсатында Микробиология және вирусология институтының ғалымдары емдік қасиеті жоғары, ауқымы өте кең, зең ауруларына қарсы отандық жаңа препарат «Розеофунгин – АС, 2 пайыз» жақпамайын шығарды. Бұл препараттың негізі – Қазақстанның топырақтарынан бөлініп алынған микроорганизмдердің штамдарынан жасалған антибиотик. Оның химиялық құрылымы – полиендер қатарына жататын жаңа табиғи қосылыстар. Розеофунгиннің патогенді саңырауқұлақтардың 39 түріне қатысты, оның ішінде – трихофития, микроспория, фавус, кандидоз, криптококкоз, споротрихоз, хромомикоз, аспергиллез және тағы да басқа тері мен денеге терең енген микоздардың ең қауіпті деген қоздырғыштарына қарсы қолданылатын белсенділігі жоғары антибиотик екендігі дәлелденді. Оның көптеген тұмау, парамиксовирустар, осповакцина мен Раус саркомасы вирустарының көбеюін дер кезінде тежей алатын қабілетке ие екендігі, яғни вирустарға да емдік қасиеттерінің жоғары екендігі анықталды.
Терінің зең ауруларын емдеуге арналған «Розеофун-
гин – АС» дәрілік препараты Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі №N010336 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттардың мемлекеттік тізіліміне кірді.
Бұл жаңа отандық препараттың шетелден келетін дәрілерден тағы да бір артықшылығы – розеофунгин антибиотигінің химиялық құрамы табиғи қосылыстардан тұратындығы, яғни адам ағзасына зияны тимейді. Көптеген жылдар бойы Қазақстан нарығында терінің зең ауруларына қарсы осы тектес бірқатар препараттар пайдаланылып келді. Бірақ ол препараттарды ұзақ уақыт пайдалануға байланысты адамның организмі оған біртіндеп дағдыланып бейімделіп кетеді, нәтижесінде емдеу қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқтырады.
«Розеофунгин-АС» – Қазақстан Республикасындағы медициналық мақсатта қолданылатын алғашқы әрі әзірше жалғыз отандық (дженерик емес!) антибиотик.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
14:35
25 апреля
Объявления
10:29, 21 апреля
12
18:18, 10 апреля
14:24, 14 апреля
15
14:24, 14 апреля
live comments feed...