
13:54, 5 декабря 2017 г.
"Жыл кітабына" шолу жасалды
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында 2017 жылдың «Жыл кітабы» атанған С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына арналған мектеп оқушылары арасында сайыс өтті.
Айта кетелік, Қазақстанда республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапаханасы менҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты- ұлттық әдебиетіміздегі мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелікке тәрбиелеу.
Аталмыш сайысқа әр мектептен таңдалып алынған 3 топ қатысты. Олар: №12 Ф. Досымова атындағы орта мектеп оқушыларынан құралған «Алғырлар» тобы, №15 Абай атындағы орта мектебінен «Алаш ұрпағы» тобы және №21 Жамбыл атындағы орта мектептің намысын қорғаған «Жамбыл жастары» тобы.
Сайыс ІІІ кезеңнен тұрды.«Бәйге» деп аталатын І кезеңде әр топқа сұрақтар қойылып, әрбір дұрыс жауап 10 баллмен бағаланды. Ақынның өміріне толықтай шолу жасауға мүмкіндік берген сұрақ-жауап кезеңіавтордың қиын тағдыры мен сол кездің өмір тіршілігін еске салды.
«Ойлан тап» деп аталған келесі кезеңдесайыскерлерге жеке конверт беріліп, конверттегі тапсырмалар орындалды. С. Торайғыровтың қай кітабынан екенін табу мақсатындағы конвертте жазылған ақынның өлең жолдарымен шығармаларынан берілген үзінділер қатысушылардың шапшаңдығы мен жылдамдығын анықтауға көмектесті.
«Ғажайып үштік» деп аталатын соңғы кезеңде үміткерлер берілген ұяшықтардағы 3түрлі тақырыптағы сұрақтарға жауапберді. «Ақын өлеңдерінен...», «Бір ел-бір кітап», «Тәуелсіз Қазақстан жастары» деген атаулармен аталған ұяшықтарда тарих, әдебиет, қоғам тақырыбында сұрақтар жүйесі қамтылған. Бұл кезең топ мүшелерінің жан-жақтылығын танытуға мүмкіндік берді.
Сайыс нәтижесі бойынша,ІІІ орынды«Алаш ұрпағы» тобы қанжығасына байлап, ІІ орынды «Жамбыл жастары» тобы жеңіп алса,кіл мықтылардың арасындағы додадан оза шапқан І орынды №12 Ф. Досымова атындағы орта мектептің намысын қорғаған «Алғырлар» тобы иемденді.Қатысушылар мен жетекшілеріне алғыс хаттар мен дипломдар ұсынылып, « ХVІІІ-ХХ ғғ. Атырау тарихы мен мәдениеті» кітабы сыйға тартылды.
-Ғалия Баешова- Атырау облыстық Ғ. Сланов атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы, әділқазы мүшесі:
Биыл «Бір ел-бір кітап» акциясының дәстүрлі түрде өтіп отырғанына 10 жылға жуық уақыт болыпты. Сол үшін де осындай үлкен қарқынмен өткізіліп отырған сайысқа мектеп оқушыларын емес, жоғарғы буын яғни, колледж, университет студенттерін қатыстыру керек еді. Кітап оқу үрдісінің ерекшелгі- белгілі бір жазушының шығармасын жыл бойына барлық ел болып оқып, талдап ұрпақ санасына енгізу. Бұндай шығармаларға көп оқыла бермейтін ақын-жазушылардың еңбектері алынады. Бүгінгі талданып отырған С. Торайғыровтың шығармалары мен ақыл, нақыл сөздері бүгінгі жастарға көрсетіп отырған даңғыл жол екеніне шүбәм жоқ.
-Мереке Кендебаева- Облыстық музей кітапханашысы, ұйымдастырушы:
Жалпы сайыс «Бір ел-бір кітап» акциясын қолдау мақсатында 2017 жылғы «Жыл кітабы» атанған С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына арналды. Сайыстың басты мақсаты- Елбасымыздың «Рухани жаңғыру, болашаққа бағдар» мақаласы аясында жастарды оқуға, білімге шақыру, сондай-ақ ұмытылып бара жатқан ақын-жазушылардың шығармаларын жаңғырту болды. Бүгінгі сайыста әділқазылар өз төреліктерімен әділ бағасын беріп, ең үздік топты анықтады деп ойлаймын. Ал, сайысқа қатысушы топтар да белсенділік танытып, өз алғырлықтарын көрсете білді.
Суретті түсірген: Айдос Каримов
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
14:24, 14 апреля
14:24, 14 апреля
53
14:24, 14 апреля
15
live comments feed...