• Главная
  • Мәуліт мерекесінде Атырауда «Өнер қырандары» театры өнер көрсетті
15:02, 4 декабря 2017 г.

Мәуліт мерекесінде Атырауда «Өнер қырандары» театры өнер көрсетті

Мәуліт мерекесінде Атырауда «Өнер қырандары» театры өнер көрсетті

«Атырауда Мәуліт мерекесі аталып өтті», - деп хабарлайды орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.

Махамбет атындағы қазақ драма театрында орталық «Иманғали» мешітінің ұйымдастыруымен өткен рухани кеште Алла Елшісі Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) өнегелі өмірі, кейінгі мұсылман қауымға аманат етілген құндылықтар, мейірімділік, кішіпейілділік, ізгілік қасиеттер туралы айтылды.

Аталмыш шараға  «Өнер қырандары» театры арнайы келіп, көрерменге ой саларлықтай тағылымды қойылымдарды ұсынды. Отбасы, моральдық құндылықтар, адамгершілік, адамдық, ақ пен қара тақырыптары жан жақты көрсетілген театрлық қойылымдар көрерменнің көңілінен шықты. 

Айта кетелік, рухани кеш барысында атыраулықтарды Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Хайролла Көшқалиев құттықтап, тарихи деректерден мысал келтіріп өтті. 

«Сонау қасіретті жиырмасыншы жылға дейін елімізде 11 мың мешіт болған екен. Отарлау кезеңінде біз бұл көрсеткіштерден ажырап қалдық. Тәуелсіздік жылдарында асыл дініміз ортамызға қайта оралып, елімізде үш  мыңға жуық мешіт тұрғызылды. Атыраудың өзінде 29 мешіт бар», - деп атап өтті басқарма басшысы.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления
live comments feed...