• Главная
  • «Жекпе-жектен» өткен әлем чемпионатында қазақстандықтар 10 алтынның 8-ін қанжығаға байлады
11:44, 4 декабря 2017 г.

«Жекпе-жектен» өткен әлем чемпионатында қазақстандықтар 10 алтынның 8-ін қанжығаға байлады

«Жекпе-жектен» өткен әлем чемпионатында қазақстандықтар 10 алтынның 8-ін қанжығаға байлады
Қазақстанда алғаш рет Атырауда өткен Жекпе-жекен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар өздерін аралас жауынгерлік өнердің үздіктері екенін дәлелдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аталмыш шара Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күніне және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылды. Чемпионатта 20 әр қаладан жиналған 20 спортшы Қазақстан намысын қорғады. Ал, Атырау облысынан ринг төрінде 3 споршы бақ сынады. Жарыс 10 салмақ дәрежесі бойынша өтті.
- Осындай ауқымды шараның біздің өңірде өтуі біз үшін ерекше құрмет. Чемпионаттың отандық спорт тарихында айрықша орын алатынына сенімдімін. Байрақты бәсекенің басты мақсаты – ұлттық спорт түрін дамытып, жекпе-жек өнерін өз жерімізде ғана емес, бүкіл әлемде насихаттау,-дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.
Кездесулер жоғары деңгейде өтті, спорт кешені көрерменге лық толып, жарыс соңына дейін қолдау білдірді. Айта кету керек, мұндай спорттық іс-шараларға көрермендер көп жиналады.
Чемпионат қорытындысы бойынша 10 алтынның 8-і ұлттық құрамаға бұйырды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#әлемчемпионаты #Жекпе-жектен
Объявления
live comments feed...