• Главная
  • «Нұрсая» мөлтекауданында 45 пәтерлік тұрғын үйдің кілті табысталды
16:52, 29 ноября 2017 г.

«Нұрсая» мөлтекауданында 45 пәтерлік тұрғын үйдің кілті табысталды

«Нұрсая» мөлтекауданында 45 пәтерлік тұрғын үйдің кілті табысталды

ТұңғышПрезиденткүніқарсаңында«Нұрсая» мөлтекауданында «Нұрлыжол» бағдарламасыменсалынған 45 пәтерліктұрғынүй пайдалануға берілді. Салтанатты рәсімге қала әкімінің орынбасары Мейірім Қалауи қатысып, жаңа қоныстың кілтін тұрғындарына арнайы табыстады.

«Еліміздегі тыныштық пен Елбасының сындарлы саясатының арқасында жылма-жыл сәні мен сәулеті келіскен көпқатарлы келбетті үйлердің қатары көбейіп, тұрғындарды қуанышқа бөлеп келеді. Соның айқын дәлелі – бүгінгі күні өздеріңіз куәсі болып отырған «Нұрсая» мөлтекауданынан іргесін қалаған зәулім үйлер.Үш кірмедәлізден тұратын бұл үйде барлығы 45 пәтер (бір, екі және үш бөлмелі) жайғастырылған. Мұнда негізінен тұрғын үй кезегінде тұрған мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлері, халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін азаматтар және жастайынан жетім қалып, көптен бері баспанасыз жүрген адамдар қамтылған»,- деді Мейірім Жоламанұлы.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления
live comments feed...