14:49, 27 ноября 2017 г.
Республикалық Жұмекен оқуларының жеңімпаздары белгілі болды
Атырауда ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақтың көрнекті ақыны Жұмекен Нәжімеденов атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтті.
Шараның шымылдығы Атырау облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Әсия Қыстаубаеваның сөзімен ашылды.
Аталмыш шарада ақынның ұлы МағжанНәжімеденовтың өзі төрелік етіп «Қымбатты Атырау жұрты! Мен бұл шараға анамның тапсырмасымен келіп отырмын. Өзі сырқаттанып қалғандықтан, дұғай-дұғай сәлемін жолдады. Ұйымдастырып отырған Атырау облысы әкімдігіне, уақыттарын бөліп, осы байқауға төрелік жасаушы әділқазылар алқасына, қатысушы үміткерлерге алғыс айтып, сәттілік тілеймін. Тек бұл ғана емес, қазақ әдебиетінің басқа да көрнекті өкілдеріне арналған шаралар көбейе берсін! Баршаңызға мың алғыс»,-деп Атырау жұртшылығына ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар екі күнге созылған республикалық байқаудың ұазылар алқасында Мереке Құлкеновте болды. «Биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы дүниеге келді. Осы мақала аясында бүкіл Қазақстан өз өнеріне, өз әдебиетіне, өзінің бүкіл болмысына қайта қарап, жаңғыртып жатыр. Біз Жұмекен Нәжімеденовті қазақ қашан таниды деп күттік. Міне, танып жатыр. Академик Зейнолла Қабдолов: «Жұмекен — болашақтың ақыны» деп еді. Ол кісі көреген екен. Біз күн сайын, сағат сайын Жұмекенге жақындап келеміз. Амангелді Кеңшілікұлы айтқандай «Жұмекен — Абайдан кейінгі ұлы ақын». Сексенінші жылдары үш романын жазды. Біз қазір ұлықтап жатқан ағаларымыздың біразы сол романдарды лақтырып тастаған, түсінбеген кездер де өтті. «Сюжеттері пышыраған, Мен де жаздым үш роман» деп Жұмекен өзі жазғандай, сонау Қошалақта туған Жұмекен қазаққа үш бірдей роман берді, өлеңдерін былай қойғанда қаншама дастан жазды?! Оларды да қазір ғана танып, біліп жатыр»-деп ақын-жазушылардың пікірімен бөлісе отырып,Жұмекеннің шығармашылығын сөз етті.
Өткен жылы алғаш рет өткізілген бұл байқауды жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарлануда. Жұмекен өлеңдерінің екі жолын жаттап, түсінген адам — үлкен жүректі азамат деуге болады. Қазақстанның әр облысынан келіп, байқауға қатысып отырған жастардың бәрі де Жұмекеннің романдарын оқып, өлеңдерін жатққтағанына қуандық Солардың ішінен жеті баланы финалға шығарып отырмыз. Олар — Ақтөбе облысынан Нұрсұлтан Әбжан, Жамбылдық Жұлдыз Молдағалиева, Қызылордадан келген Еламан Әмірғазы, қарағандылық Тұрарбек Бекмұрзаев, Оңтүстік Қазақстан облысынан Ақерке Оспан, Шығыс Қазақстаннан Абылай Мақсұтбек және Атыраулық Сейітжан Құжырбаев»,-деді жазушы Мереке Құлкенов.
Сайысқа қатысушылар Жұмекен Нәжімеденовтің бір прозалық шығармасы менбір өлеңін нақышына келтіре орындады.
Қазылар алқасының шешімімен үшінші орынға қарағандылық Тұрарбек Бекмұрзаев, қызылордалық Еламан Әмірғазы, жамбылдық Жұлдыз Молдағалиева ие болды. Екінші орын- Шығыс Қазақстан облысынан келген Абылай Мақсұтбек пен Атыраулық Сейітжан Құжырбаевқа бұйырды. Бірінші орынды Оңтүстік Қазақстандық Ақерке Оспан иемденді. Жүзден жүйрік, мыңнан тұопар деп танылған Ақтөбе облысынан келген Нұрсұлтан Әбжан бас жүлдені иемденді
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:26
Вчера
16:48
Вчера
ТОП новости
Объявления
11:55, 4 октября
53
11:55, 4 октября
live comments feed...