• Главная
  • ІІ Облыстық "Конфераньсе-2017" жүргізушілер байқауының жеңімпаздары анықталды
18:22, 22 ноября 2017 г.

ІІ Облыстық "Конфераньсе-2017" жүргізушілер байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін  Атырау облыстық  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Атырау облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы және мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы  бірлесе ұйымдастыртырған ІІОблыстық «Конферансье-2017» жүргізушілер байқауы өтті.

Әр түрлі бағыттағы мәдени шаралардың жүргізушілерін іздестіру, оларды халыққа танымал ету; Ресми, тақырыптық, мәдени демалысқа арналған шараларды жүргізушілердің бір-бірімен шығармашылық байланысын, тәжірибе алмасуын қамтамасыз ете отырып, кәсіби мамандығын, қабілетін, шығармашылық деңгейін арттыру мақсатында өткізілген аталмыш шарадатілі шешен, сөзі көсем 13  дарынды  үміткер бағын сынады. Онда облыс, аудан көлемінде  түрлі салада қызмет ететін  мамандар мен студенттер қатысты.

Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең бойынша,сахна және сөйлеу мәдениеті, дауыс ырғағы, екпін белгісінің мәтін-мәнерлігінің дұрыс айтылуына мән беретін кезеңде қатысушылар монолог оқыды. Поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар М. Мақатев, Ф. Оңғарсынова, Қ. Жылқышиев т.б ақындардың өлеңдері  жұртшылық назарына ұсынылды.

Екінші кезең қазылар алқасы тарапынан билет суыру арқылы ситуациялық сұрақтарға жауап беру болды.  Жарық пен техникалық ақаулардан пайда болатын мәселелер аясында сөз етіліп, үміткерлер барынша тұтқиылдан шығуға тырысты.

Үшінші кезең ресми шаралар мен тақырыптық кештер, телевизиялық бағыттағы әр түрлі шаралар туралы сценарий дайындау. Басталуы мен шарықтау кезеңіне басты назар аударған қазылар алқасы бұл кезеңде біраз қатаңдық танытты.

Сайыс қорытындысы бойынша Т. Пангерей, Д. Ғасырбек (Махамбет ауданы), Ә. Кенжеахметова (Индер ауданы), А. Иманғазиева ( Атырау қаласы), Т. Омаров, Д. Смаилов, М. Бекболатова, М. Қинаяр «Алғыс хатпен» марапатталды. Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «2-курс студенті  А. Гумарова дипломат атанды.Сонымен қатар Ә. Амандықов, Г.Бурабекова, С. Қылышбаева 3- орынды қанжығасына байласа, 2- орындыН. Жиенбаева мен А. Тойлыбекова жеңіп алды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтаған доданың жеңімпазыҚұрманғазы ауданының намысын қорғаған Р. Тоқаев атанды.

-Жеміс Диашева- Облыстық тілдерді дамыту жөнңндегі басқармасының бөлім басшысы, әділқазы мүшесі:

Бүгін ұйымдастырылғансайыс жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын табуы керек. Біз әділқазылар мүшесі әділ бағамызды бердік деп есептеймін. Конферансье - концерт жүргізу. Жүргізуші- сахнаның иесі деген сөз. Себебі сахнада үлкен академиялық оркестр, халық әртістері өнер көрсетеді. Соның бәрін бір мақсатқа тоғыстыратын, игеретін, сол сәттегі шараның мән-мағынасын ашатын, халықтың көңілінен шығатын-жүргізуші. Қандай жағдайға тап болмасын ол тығырықтан шыға білуі қажет.Меніңше, бүгінгі қатысушыларға креатив, жаңашылдық, от жетіспеді.

-Рүстем Тоқаев- жеңімпаз:

Мықты-мықты дүлділдердің басын құраған байқау керемет деңгейде өтті. Көңіл-күйімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.. Негізінен сайысқа өзіме деген сенімділікпен келдім. Сенімім Алланың қолдауымен жүзеге асып, үмітімді ақтады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#жүргізушілер #байқау
Объявления
live comments feed...