• Главная
  • Желтоқсанда қанша күн демаламыз?
16:40, 20 ноября 2017 г.

Желтоқсанда қанша күн демаламыз?

Желтоқсанда қанша күн демаламыз?

Желтоқсанда және Жаңа жылда қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда желтоқсан айында ҚР Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күні мерекелері өтеді. Сонымен қатар, Жаңа жылдағы демалыс күндері бар.

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні жұмаға келіп тұр, сол себепті қазақстандықтар 1-і мен 3-і аралығында үш күн қатарынан демалады. Бұл шарт 5 күндік жұмыс аптасына қатысты, 6 күндік жұмыс аптасында 2 желтоқсан жұмыс күні.

Тәуелсіздік күні 16-17 желтоқсан, ол сенбі мен жексенбі күндеріне келіп отыр. Қазақстандағы мерекелік күндер туралы заңға сәйкес, демалыс күні мерекелік күнмен қатар келетін болса, мерекелік күннен кейінгі жұмыс күнінде – 18 және 19 желтоқсан демалыс болады. Осылайша, қазақстандықтар 16-19 желтоқсан аралығында қатарынан 4 күн демалады.

Ал Жаңа жылдық мерекелерде қазақстандықтар 30, 31 желтоқсанда және 2018 жылдың 1, 2 қаңтарында демалатын болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления
live comments feed...