07:29, 18 ноября 2017 г.
«Бизнестің жол картасы – 2020»
«Бизнестің жол картасы – 2020»бағдарламасы бойынша Атырау облысында 172 жоба жүзеге асуда.
Аталмыш бағдарлама бойынша жобаларды субсидиялау құны 12,6 миллиард теңгені құрады, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бизнес-конференция барысында Атырау облысындағы кәсіпкерлік жобаларға қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсету мәселесі талқыланды. Жиынға халықаралық қаржы институттарының 10-нан аса өкілі қатысты. Сонымен қатар, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі өкілі еліміздің өңірлерінде шағын және орта бизнеске қолдау көрсетудің түрлі бағдарламаларының артықшылықтары туралы баяндап, Атырау облысында кәсіпкерлер санының қарқынды өсуін атап өтті.
Жиынның басты мақсаты «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының тиімді жұмысымен байланысты. Өткен жылы облыста үйлестіру кеңсесінің шешімімен 89 жаңа жобаны қабылдаса, биылғы жылы жобалар саны 172-ге жеткен. Осыған орай, өңірде 811 жаңа жұмыс орны құрылды. Мемлекеттің қаржылық қолдауына мемлекеттік гранттар, кепілдіктер және субсидиялар кіреді. Жергілікті билік ауыл кәсіпкерлеріне де қолдау білдіріп, жергілікті бюджеттен шағын несиелер үшін де қаражат бөліп отыр.
-Жергілікті бюджеттен облыс әкімінің тікелей бастамасымен шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға 600 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі жиын Атырау облысындағы кәсіпкерліктің дамуына жаңа серпін береді деген үміттеміз,-дейді Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқарма басшысының орынбасары Гүлзада Қайырғалиева.
Айта кетсек, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асқан жобалар саны өткен жылмен салыстырғанда 93%- ға өскен.
172 проекта реализуется в Атырауской области по программе «Дорожная карта бизнеса-2020»
В этом году сумма субсидий по кредитам в рамках данной программы составила 12,6 миллиардов тенге, сообщает Региональная служба коммуникаций Атырауской области.
Инструменты финансовой и нефинансовой поддержки предпринимательства обсудили в ходе бизнес-конференции в Атырауской области. Порядка 10 представителей международных финансовых институтов, а также АО «Национальный управляющий холдинг «БАЙТЕРЕК» рассказали о преимуществах различных программ поддержки субъектов МСБ, активно действующих в регионах страны. Спикеры отметили положительную тенденцию роста числа предпринимателей в Атырауской области.
По словам собравшихся в первую очередь, это связано с эффективной реализацией государственной программы «Дорожная карта бизнеса 2020». Если в прошлом году региональным координационным советом было одобрено 89 новых проектов, в этом году их число выросло до 172, благодаря этому в регионе было создано 811 новых рабочих мест. В рамках программы представители МСБ получили государственные гранты, гарантии и субсидирование кредитов. Хорошее подспорье начинающим предпринимателям оказывают и местные власти, выделяя из регионального бюджета средства на микро кредиты сельским предпринимателям.
-Из местного бюджета при личной инициативе акима области были выделены средства для льготного микрокредитования проектов малого и среднего бизнесов в размере 600 миллионов тенге. Надеемся, что сегодняшняя встреча даст новый толчок развития для бизнеса Атырауской области, - рассказала заместитель руководителя управления предпринимательства и индустриально-инновационного развития Атырауской области Гульзада Каиргалиева.
Отметим, что число новых проектов, реализуемых по программе «Дорожная карта бизнеса-2020» в этом году превысило прошлогодние показатели на 93.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:19
Вчера
ТОП новости
Объявления
11:55, 4 октября
11:55, 4 октября
53
live comments feed...