16:02, 17 ноября 2017 г.
Балық аулау кезінде соқырішекпен ауырған адам құтқарылды
Атыраулық құтқарушылар Жылыой аумағына қарасты «Каспий» теңізінде балық аулап жүріп, соқырішекпен ауырған адамды құтқарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға 15 қарашада болған. Балықшылар құтқару қызметіне хабарласып, тікұшақ жіберуін сұрапты.«2017 жылғы 15 қарашада сағат 09:37-де Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасының жедел кезекшісіне «Амангелді» өндірістік кооперативінің жұмысшысы Атырау облысы, Жылыой ауданы аумағында «Каспий» теңізінде балық аулау кезінде ауырып қалғаны туралы хабарлады. Өздерінің күшімен суда жүзу құралдары арқылы Атырау қаласына жеткізу үшін бірнеше сағат уақыт кететінін (шамамен 10-12 сағат) ескертіп, мүмкін болған жағдайда әуе кемесінің көмегімен алып кету туралы көмек сұрады», - деп жазылған хабарламада.
Науқас 15:01-де Атырау қаласына жеткізілді.
«Сағат 11:40-та Департамент тарапынан ҚР ІІМ ТЖК «Қазәуеқұтқару» АҚ-ның Батыс өңірлік филиалының МИ-8 тікұшағы көкке көтеріліп, экипажда «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің 3 құтқарушысы және «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі Атырау облысы бойынша филиалының 1 дәрігер-фельдшері оқиға орнына аттанды. Сағат 13:50-де науқас азамат «Каспий» теңізінен N46.39.123 E052.95268 координаты бойынша табылып, құтқарушылардың көмегімен тікұшақ ернеуіне көтеріліп, дәрігер-фельдшердің бақылауымен сағат 15:01-де Атырау қаласына келді», - деп мәлімдеді департаменттен.
Қазір ол «Теміржол ауруханасы» ЖШС Атырау филиалының теміржол ауруханасында жатыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
11:55, 4 октября
11:55, 4 октября
53
10:08, 30 сентября
12
live comments feed...