• Главная
  • Журналистер үшін медиа-мектеп ашылды
15:52, 17 ноября 2017 г.

Журналистер үшін медиа-мектеп ашылды

Бүгін «Атырау-Ақпарат» ЖШС мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті бірлесіп медиа-мектеп ашылды.

Аталмыш шараға «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Баязи Әбдешев пен Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Абзал Талтенов қатысты.

Медиа мектеп – қос мекеменің өзара ынтымақтастық және тиімді серіктестік туралы Меморандумының шеңберінде қолға алынған тың жобаларының бірі. Жоба авторлары келешекте студенттердің теория мен практиканы ұштастыра отырып, университет қабырғасында жүріп-ақ редакциялар мен баспахананың қайнаған тіршілігімен емін-еркін араласуын, кәсіби журналистерден тәлім алып, тәжірибе жинақтауын мақсат тұтады.

Медиа мектеп аясында Атырау мемлекеттік университетінің профессорларынан бөлек, елімізге танымал журналистер, медиа мамандары мен кәсіби тренерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, дәріс оқиды деп жоспарланып отыр.. Сондай-ақ, медиа мектеп қабырғасында тек университет студенттері ғана емес, ақпарат саласындағы жас мамандар, оқушылар, жас тілшілер және т.б. ынта білдірген талапкерлерге де білім алуына мүмкіндік беріледі.

Мұнда сонымен бірге, облыстық Ішкі саясат басқармасымен бірлесу арқылы журналистерге арналған ағылшын тілі курстарын ұйымдастыру жұмысы да қолға алынып отыр.

Сонымен қатар, медиа-мектептің ашылу салтанатында «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов, «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева, Қазақстанның Құрметті журналисті Любовь Монастырская және журналистика кафедрасының меңгерушісі Мәншүк Мұқашева қатысып, жаңа орталықтың ашылуы жөнінде жылы лебіздерін білдірді.

Суретті түсірген: Ерлан Алтыбаев

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#журналистер #тәжірибе
Объявления
live comments feed...