10:36, 16 ноября 2017 г.
Оқулықтар сатып алуға Атырау облыстық бюджеттен жарты миллиардқа жуық қаражат бөлінді
Жаңа оқу жылының басында өңірде оқушыларға оқулықтар жетіспеушілігі қадағаланған болатын, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Светлана Аманшиева өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, жаңа оқу жылының бас кезеңінде қала мектептерінде оқулықтар жетіспеушілігі орын алған еді.
-7 республикалық баспалардан кітаптар сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 480 миллион 408 мың қаражат бөлінді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Мектепке жол» акциясы бойынша көп балалы және аз қамтылған отбасылардан 3545 балаға киім, оқу құралдары үлестірілді,-дейді Светлана Аманшиева.
Қазіргі таңда мектептердегі оқулықтар жетіспеу мәселесі толықтай шешілді.
Фото: kapital.kz
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
11:55, Вчера
live comments feed...